БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІ МЕН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАР АССОЦИАЦИЯСЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАЛАРЫ МЕН ЕМХАНАЛАРЫ «ӨМІРГЕ ДЕМ САЛУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ МЕЙІРІМДІ ІСТЕР
ПЕРЗЕНТХАНАЛАР «ТЫНЫС АЛ, БАЛАҚАЙ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ ШИПАЖАЙЛАР МЕН СӘБИ ҮЙЛЕРІ «АЯЛА» ДОСТАРЫ КЛУБЫ МЕЙІРІМДІ АДАМДАР
ENG    RUS       Алғыстарын білдіруде Біз туралы Қорытындылар Дәрігер кеңесі БАҚ біз жайлы Ерікті көмек Пікірлер Қордың тарихы «Демеу»
   БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ   


БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІ

№1 Балалар үйі
Бұл жерде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 175 бала тәрбиеленуде.
Сонымен бірге, Алматы қаласының аумағында орналасқан БАРЛЫҚ балалар үйлері мен облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін «Дара» қорымен бірлесе отырып, біз «Күлкі күні» мерекесін өткіземіз.
№2 Балалар үйі
Тәрбиеленуде 74 бала бар, олардың 14 - «жұрдай» жетім, 8 - 18 жас аралығында. Біздің қор осы балалар үйлеріне үнемі көмектесіп отырады.
№7 Мектеп-интернат
Зияткерлік даму ауытқулары бар балаларға арналған арнайы (түзету) мектебі. Ақыл-ойы дамымаған, Даун және Уэст синдромдары, микроцефалия, эпилепсия және т.б. сырқаттары бар 174 оқушы бар. Балалар арнайы бағдарлама бойынша оқиды, еңбек тәрбиесіне – тігін, картонаж-қапсырмалау және ұсталық кәсіпке көп көңіл бөлінеді.

БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

03-03-2010
№1 БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ ТАЗАЛЫҚ МЕРЕКЕСІ
Бүгін, №1 Балалар үйінде, қорымыз тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан кейін, балалар моншасы ашылды. 15 жылдан бері жөндеу жұмыстары өткізілмеген бұл ғимаратты, қорымыз күрделі жөндеуден өткізді. Жаңа сантехника, сапалы кафель, жуынатын және душ бөлмелерінің барлық керек-жарақтары балалармен қатар, балалар үйінің қызметкерлерін де қуантып тастады. Моншаның ашылу салтанатына, балалар мен тәрбиешілер, тазалық мейрамының бірден бір нышаны болып табылатын- Мойдодырмен бірге кішігірім көрсетілім дайындаған екен. нақты

23-01-2010
№1 БАЛАЛАР ҮЙІ ҮШІН ЖАБДЫҚТАР
№1 Балалар үйіне ағашты көркемдеп өңдеу үйірмесіне керекті аспаптар жиынтығы мен жұмсалатын керек-жабдықтар алынды. Алынған құрал-жабдықтар Алманияда өндірілгендіктен сапасы мықты, сенімді және де өте ұзақ уақыт қызмет көрсетеді. Аталмыш үйірменің жетекшісі, қорымызға шын жүректен алғысын білдіре отырып, балалар үйінің тәрбиеленушілерінің жасаған ағаш бұйымдарының сапасы әлде қайда жоғарылайтынын нық сеніммен айтып өтті. нақты

17-01-2010
ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІНДЕ ЖАҢА ЖОБА
Қорымыз қалалық балалар үйінде жаңа жоба бастатты. Ерікті көмек көрсететін достарымыз- Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері. Олар №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен актерлық шеберлік, би, кино өнері және де поэзия салаларында сабақ беруде. Сабақтар жүйелі түрде өтеді. Бұл жұмыстың жемістерін жақын уақытта көретінімізге сенімдіміз. Осындай қайырымдылық түрін балалар да тәрбиешілер де өте үлкен ықыласпен қабылдады. нақты

21-12-2009
№7 МЕКТЕП – ИНТЕРНАТЫНДАҒЫ ШЫРША МЕРЕКЕСІ
Біздің қорымыз қамқорлыққа жаңа мекеме алды. Ол интеллектуалды естері бұзылған балаларға арналған №7 арнайы (түзеу) мектеп – интернаты. Бұл интернатта 175 түрлі ауытқулары бар балалар, оның ішінде, Дауна және Уэста синдромдарымен, микроцефалиямен және тағы басқа дамулары жаман бұзылған балалар білім алады. Бұл күні «АЯЛА» қоры интернатта жаңа жыл шыршасын өткізді. нақты

26-11-2009
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
Біздің қорымыз №1 қалалық балалар үйіне Алғыс айту Күніне арналған мерекеге шақырылды. Бұл мереке Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Назарбаева С.А. бастауымен Қазақстанда алғашқы рет аталып отыр. Балалар өздерінің барлық меценаттары үшін көп емес, бірақ өте көңіл жібітетін концерт дайындапты. Бізге балалар өз қолдарымен еңбек сабақтарында жасаған «бұйымдар» сыйлады. Біз де, әрине, бос алақан келген жоқпыз. Мерекелік дастарқанды біздің қор жемістермен көркемдеді – біз алма, банан, мандариндер әкелдік. нақты

27-05-2009
КҮЛКІ КҮНІ!
«Алматы Қиял әлемі» саябағында «АЯЛА» және «ДАРА» қайырымдылық қорлары «Күлкі күні 2009» шарасын өткізді. «Күлкі күні» екінші рет өткізіліп отыр. Бұл балалар үйлерінде тәрбиеленетін балаларға арналған мереке. Биылғы жылы мерекеге төрт балалар үйінен жеті жүзден астам бала шақырылды. «Алматы Қиял әлемі» саябағы осы шараны өткізу үшін өз аумағы мен аттракциондарын ұсынған болатын. Балалардың қуанышында шек болмады. Олардың көбі аттракционнан немесе карусельден енді түсе салысымен, қайта «тебу» үшін бірден айналып келіп, шағын кезекке тұрып жатты. нақты

Предыдущие : : Следующие
БІЗГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ

online ақша аудару
терминалдар

ҚОР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ


03-09-2014  «БАЛАЛЫ? Ж?РЕКТЕРІ» ?АЙЫРЫМДЫЛЫ? Ж?РМЕ?КЕ МА?ЫЗДЫ Н?ТИЖЕГЕ ЖЕТКІЗДІ
№1 перинаталды орталы?та «АЯЛА» ?айырымдылы? ?орыны? «?лтты? денсаулы?ы босану ?йінен басталады» жобасы шектеуінде BiliChek аппаратын тапсыру р?сімі ?тті. Б?л аппаратты? ба?асы 1 135 000 те?гені ??рады. Жас ынталы адамдарды? ?айырымдылы? жобалар?а ?атысуы мейірімді д?ст?рге айналып келе жатыр. Естері?ізге сала кетейік, Астанадан ?ш жас ана – Жанар Сарсенова, Г?лн?р Бисаринова ж?не Жанар Бурахан «Балалар Ж?ректері» ?айырымдылы? ж?рме?кесін ?йымдастыр?ан болатын. нақты


26-08-2014  «ШЕВРОН» МЕН «АЯЛА» ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫ? МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЖАБДЫ?ТАР ТАПСЫРДЫ
Б?гін «Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» ?оры бірігіп ?йымдастыр?ан ?алалы? мектептер, емханалар мен ?леуметтік мекемелерге жабды?тар сатып алу ж?не орнату сертификаттарын тапсыру салтанатты р?сімін ?ткізді. Салтанатты р?сімге ?ала ?кімі М??амеджанов Т?летай Т?леубай?лы, жергілікті ?кімет ?кілдері, медицина ?ызметкерлері, о?ытушылар мен Ерейментау ауданыны? ж?ртшылы?ы ?атысты. нақты


05-08-2014  БІЗДІ? KASPI BANK-пен СЕРІКТЕСТЕСУІМІЗДІ? ЖА?А ?ЫРЫ
Kaspi bank ?з ?аламтор б?ліміндегі клиенттеріне бізді? ?орды? ?айырымдылы? жобаларына ?атысу?а м?мкіндік жолын ашты. Б?рын осындай м?мкіндіктерді ?з клиенттері ?шін ?аза?стан Халы? банкі ?сын?ан бол?ан. ?аламтор-банкинг – ?йден немесе ке?седен шы?пай отырып пайдалану ?шін тек коммуналды? ?ызмет т?леуге, несиені ?теуге ж?не де та?ы бас?а т?лемдерді ж?зеге асыру?а ?ана ы??айлы ??рал емес. Ол банктерді? б?лімдерінде т?лем ?теуге ?ара?анда уа?ытты ма?ызды ?немдейді. нақты