БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІ МЕН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАР АССОЦИАЦИЯСЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАЛАРЫ МЕН ЕМХАНАЛАРЫ «ӨМІРГЕ ДЕМ САЛУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ МЕЙІРІМДІ ІСТЕР
ПЕРЗЕНТХАНАЛАР «ТЫНЫС АЛ, БАЛАҚАЙ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ ШИПАЖАЙЛАР МЕН СӘБИ ҮЙЛЕРІ «АЯЛА» ДОСТАРЫ КЛУБЫ МЕЙІРІМДІ АДАМДАР
ENG    RUS       Алғыстарын білдіруде Біз туралы Қорытындылар Дәрігер кеңесі БАҚ біз жайлы Ерікті көмек Пікірлер Қордың тарихы «Демеу»
   БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ   


ҚИЫН ТЫНЫС АЛАТЫН БАЛАНЫ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА БАҚЫЛАУ АЛГОРИТМІ

Бейнематериалды көру

Обструкциялық синдромды (ысқырықпен қатар жүретін қиын тыныс алуды) емдеу кезінде жылдам әсер ететін бронхо-дилататорлар (аэрозоль түріндегі дәрілер): сальбутамол, асталин, венталин және т.б. қолданылады. 5 жасқа дейінгі балаларға олар арнайы қондырманың көмегімен енгізіледі. Бірақ егер арнайы құралдарды дәріханадан сатып алу мүмкіндігі болмаса, шашыратқышты үй жағдайында да дайындауға болады. Бейнематериалды көру.

Ол үшін: көлемі 1 литр пластик шөлмекті алыңыз. Көлемі 250 миллилитрден кем болмайтындай етіп, оның түпкі жағын кесіп алыңыз. Шөлмекті жуып, сүртіңіз, ал өткір жиектерін жабысқақ пластырьмен өңдеңіз.

Сізге баланың қолдары мен басын ұстау үшін тағы бір адамның көмегі қажет болады. Жасалған шашыратқышты баланың бетіне жақындатыңыз. Аэрозольді дәрі баллоншасын сілкіп, шөлмектің мойнына тақап, үш рет себу қажет (баллон тетігін түбіне дейін басу маңызды). Шөлмектің мойнын бірден алақаныңызбен жабыңыз. Екінші жағын баланың бетіне тақап ұстаңыз. 40 секундтың ішінде осы қалыпты сақтаңыз. Бұл өте маңызды! Бұл кезде бала дәрімен тыныс алады.

20 минуттан кейін екінші циклды өткізу қажет. Тағы 20 минуттан кейін –үшіншісін. Үш циклдан кейін 4 сағаттық үзіліс болуы тиіс – бұл кезде аэрозольдік дәріні қолдануға болмайды. Емшараны сол күні тағы бір рет кешкісін өз бетінше қайталауға болады. Емшараларды әрі қарай қайталау қажеттілігін дәрігер белгілейді.

 

Copyright 2009 © Барлық құқықтар қорғалған «АЯЛА» Жеке Қайырымдылық Қоры

ДӘРІГЕРЛЕР МЕН АТА-АНАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ

Біздің қор ҚазҰМУ доценті З.М. Оспановамен бірлесе отырып, ерекше форматтағы 2 DVD көмекші оқу құралын дайындады. «Оқулықты» дискті ойнатушы құралға емханада да, емделушілердің үйінде де қойып қарауға болады. Қысқа фильмдер ауру балалардың денсаулығына, тіпті өміріне қауіп төндіретін жағдайларда оларға қалайша көмектесу керектігін қарапайым түрде көрсетеді.

Оспанова Зәуре Мұратқызы осы фильмдермен жаздың басында Зальцбург қаласында өткен халықаралық медициналық конференцияда баяндама жасады. Басқа елдерден келген әріптестері емхана дәрігерлерінің біліктілігін және ауырып қалған балалардың ата-аналарының баланы күту үшін қажетті білім деңгейін арттыруының осы әдісін өте жоғары бағалады.

Қазақстандықтарға білім бере отырып, біздің қорымыз осындай көмекке зәру адамдардың барынша көп санына көмектесу үшін бар күшін салуда.



Ысқырықты (демігіп) тыныс алатын 5 жасқа дейінгі балаларға аэрозольді бронходилятаторды қолдану.
Көрсетілімді көшіру




ДЕРЕКТЕМЕЛЕР
Көмек көрсету үшін:
СТН: 600900587666
БИК: 190501724
тел: (727) 327 60 43
тел: (727) 258 45 47, 258 45 48, 258 45 56, 258 45 57 ( 144)
тел: (727) 258 45 49

БІЗГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ
ТЕРМИНАЛДАР
ДЕРЕКТЕМЕЛЕР