13-10-2008  БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ДМИТРИЙ МАЛИКОВТЫҢ КОНЦЕРТІ

№1 балалар үйінің шәкірттерінің есінде бұл күн ұзаққа қалатын болар. Оларға қонаққа біздің қордың шақыруы бойынша атақты ресей әншісі Дмитрий Маликов өзінің атақты әкесі –Юриймен бірге келді. Дмитрий тек балалармен әңгімелесіп қана қоймай, олар үшін ән шырқап берді. Өткен жылдардың ескі әндері мен жаңа әндер орындалды. Балалар үйіндегі біздің «қамқорлығымыздағылар» да ресейлік жұлдызға өз концертімен жауап берді. Маликовтар – Дмитрий мен оның әкесі – кейін осындай тамаша күйді сезінбегенімізге біраз болды деп сыр ашты. Ал балалар мен балалар үйі тәрбиешілерінің қуанышында шек болмады.