Қазақстан Баспасөз-клубында, Қайырымдылық қорларының қауымдастығы кеңістігінде, «ДАРА» және «ДОМ» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Бергамо (Италия) қаласындағы кардиохирургиялық орталықта тәжірибе жинақтаған, дәрігерлер тобының қатысуымен баспасөз конференция сы өткізілді. Әр түрлі саланың дәрігерлері, әр түрлі уақыт ішінде, 1 айдан жарты жылға дейінгі уақыт ішінде білімдерін жетілдіре түсті. Конференция барысында, дәрігерлеріміз БАҚ өкілдерімен, жинақтаған тәжірибелері жайлы сөз қозғай отырып, еліміздегі балалар кардиохирургиясының дамуы төңірегіндегі пікірлерімен бөлісті. Бүгінгі таңда, Қазақстанда туғанынан жүрек ақауымен ауыратын балалардың 80% пайызы ғана, 1 жасқа дейін өмір сүреді. Ал елімізде, бұл операцияның жасалуына мұқтаж болып өмірге келетін сәбилер санының 1 жылдық көрсеткіші 3-5 мыңға жетеді.
Дәрігерлерлердің айтып өткен сөздеріне қарағанда, Қайырымдылық қорлары қауымдастығының көрсеткен көмегінің арқасында, бұл мәселе оңға басып, шешімі табылғандай. Біз үнемі бұл бағытта аянбай еңбек ететіндігімізді білдіреміз. Осы орайда, бизнес құрылымдардың және де қарапайым көмек сүйер, кеңпейілді адамдардың бізге жәрдем ететіндігіне сеніміміз зор.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/about-kz/archive-news-kz/item/1002-news-kz#sigFreeIdbbde598dc9