Тыныс ал, балақай

Мен 2013 жылы босанып, дүниеге қыз бала әкелдім. Қызым ай-күні жетпей
туылғандықтан, салмағы да өте аз болды. Оны балалардың жан сақтау
бөлімшесіне жатқызды. Қызыма келген кезде, жабдықтан «АЯЛА» қайырымдылық
қорының сыйы» деген жазбасы бар жапсырма қағазды көрдім. Бұл жабдық қызымды
құтқарып қалды, сондықтан мен қызымның атын Аяла деп қойдым.
Қазір қызымның дені сау, ол 2,5 жаста.

Бұл әңгімені біздің қамқорлығымыздағы
интернаттың есепшісі айтып берді.

 

«Тыныс ал, балақай» жобасын «АЯЛА» қайырымдылық қоры 2009 жылы бастады. 2009 – 2011 жылдар аралығында біз  заманауи медициналық жабдықты Алматы қаласының перинаталдық орталығының және бүкіл перзентханаларының балалар жан сақтау бөлімшелеріне бердік. Бұл медициналық жабдық қаламыздағы нәрестелер өлімінің деңгейін төмендетуге көмектесті.

2011 жылғы наурызда  Денсаулық сақтау министрлігі мен «АЯЛА» қайырымдылық қоры арасында Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. «Тыныс ал, балақай» жобасы республикалық жобаға айналды. Қазақстан Республикасы облыстық перинаталдық орталықтарының балалар жан сақтау бөлімшелерін өмірлік қажетті жабдықпен жабдықтау туралы шешім қабылданды.

Барлық облыстық перинаталдық орталықтардың қажеттіліктерін анықтағаннан кейін облыстық перинаталдық орталықтарға (ОПО) бағасы қымбат медициналық жабдықты сатып алу үшін қаражат жинау басталды. Қазіргі кезде біздің жабдық Қарағанды, Семей, Өскемен, Атырау, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Талдықорған, Түркістан, Көкшетау, Ақтау және Орал қалаларының ОПО жан сақтау бөлімшелерінде орнатылған.

5 жыл ішінде жобаны іске асыруға 337,5 млн. теңге жұмсалды. Қорымыздың ең ауқымды жобасын іске асыруға жәрдемдескені үшін барлық демеушілеріміз бен әріптестерімізге алғыс білдіреміз. Бұл жобаның нәтижесінде мыңдаған бала өлімнен құтқарылды. Әлемде бұдан артық марапат жоқ шығар. 

 

 

 

«Тыныс ал, балақай» республикалық жобасының жаңалықтары

Облыстық перинаталдық орталық 215 орынға арналған. 45 орын – нәрестелер патологиясы және мерзімінен бұрын туған балаларды бағып-күту бөлімшесі, оның 6 орны нәрестелердің жан сақтау бөлімшесіне берілген. Жыл сайын 5000-нан астам бала дүниеге келеді, оның 10%-дан астамы мерзімінен бұрын туады.

2012 жылғы 14 наурызда біз облыстық перинаталдық орталыққа мынадай медициналық жабдық бердік:

атауы

саны

біреуінің бағасы

сомасы, KZT

сомасы, USD

1

феталдық монитор

9

928 125

8 353 125

56 440

2

шприц дозаторы

4

300 000

1 200 000

8 108

жиынтығы:

9 553 125

64 548

Облыстық перинаталдық орталықта жыл сайын 6000-ға жуық нәресте дүниеге келеді. Жан сақтау бөлімшесі арқылы орташа алғанда 320 бала өтеді, негізінен бұл айы-күні жетпей туған нәрестелер.

2012 жылғы 19 маусымда медициналық жабдық тапсырылды:

атауы

саны

біреуінің бағасы

сомасы, KZT

сомасы, USD

1

СИПАП тыныс алу аппараты

2

2 808 000

5 616 000

38 545

2

жан сақтау үстелі

2

1 274 400

2 548 800

17 493

3

рентген аппараты

1

3 000 000

3 000 000

20 590

4

сорғыш

6

204 000

1 224 000

8 401

5

фототерапия аппараты

3

764 250

2 292 750

15 736

6

медициналық таразы

5

56 000

280 000

1 922

жиынтығы:

14 961 550

102 687

2010 жылы 7494 ана босанды, 484 нәресте мерзімінен бұрын туды, 47% босанған ана ауылдық жерлерден. Балалар жан сақтау бөлімшесі 12 адамға арналған.

2011 жылғы 19 қыркүйекте Өскемен облыстық перинаталдық орталығына мынадай жабдық берілді:

атауы

саны

біреуінің бағасы

сомасы, KZT

сомасы, USD

1

nCPAP тыныс алу аппараты

3

2 968 552

8 905 656

61 123

2

ВМ-3 пациент мониторы

5

775 900

3 879 500

26 627

3

шприц дозаторы

6

280 000

1 680 000

11 531

4

инфузиялық дозатор

3

250 000

750 000

5 148

5

шығыс материалдары

 

 

91 157

626

жиынтығы:

15 306 313

105 054

Стационары 92 орынға арналған, жан сақтау және нәрестелерге арналған қарқынды терапия бөлімшесі 6 орындық. Семей және Көкшетау қалаларынан басқа Абай, Аягөз, Бородулиха, Бесқарағай және Үржар аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетіледі.

2011 жылғы 19 қыркүйекте біз бұл перинаталдық орталыққа мынадай жабдық бердік: 

атауы

саны

біреуінің бағасы

сомасы, KZT

сомасы, USD

1

жан сақтау үстелі

3

1 240 401

3 721 203

25 540

2

шприц дозаторы

10

280 000

2 800 000

19 218

3

медициналық таразы

3

46 000

138 000

947

4

сорғыш

6

139 500

837 000

5 745

5

жан сақтау чемоданы

10

390 000

3 900 000

26 767

6

шығыс материалдары

 

 

91 154

626

жиынтығы:

11 487 357

78 843

 

Облыстық перинаталдық орталық 212 орынға арналған. Нәрестелердің жан сақтау бөлімшесі 6 орындық, нәрестелердің патологиясы бөлімшесі 32 орындық. 2010 жылы 5275 ана босанды. Айы-күні жетпей туған нәрестелердің өлім-жітімі 95,4%-ға жетеді.

2014 жылғы 19 ақпанда 2013 жылғы BKS жүгіру жарыстарынан жиналған қаражатқа және Kaspi bank-тің демеушілік көрсетуінің арқасында Батыс Қазақстан облыстық перинаталдық орталығына мынадай жабдық берілді:

атауы

саны

біреуінің бағасы

сомасы, KZT

сомасы, USD

1

СИПАП тыныс алу аппараты

4

2 750 000

11 000 000

71 895

2

рентген аппараты

1

2 700 000

2 700 000

17 647

3

фототерапия аппараты

6

615 300

3 691 800

24 129

жиынтығы:

17 391 800

113 672