Бүгін қорымыз, №1, №2, №4, №5 перзентханалардың бас дәрігерлеріне және Қалалық перинаталдық орталығы бастығының орынбасарына, осы мекемелерге ақысыз түрде медициналық жабдықтардың берілуін растайтын сертификатты салтанатты түрде тапсырды. Перзентханалардың балалар бөлімшелеріне, құны 38 845 248 теңгені құрайтын, тыныс алу жабдықтары, реанимация үстелдері, перфузор және де инфузоматтар жіберілді. Бұл жабдықтар, әр түрлі аурулары бар нәрестелердің емі және күтімі үшін, әсіресе шала туған нәрестелердің күтімінде маңызы аса зор болып табылады. Аталған жабдық медициналық мекемелерде орнатылды. Осы шарамен жобамыздың екінші кезеңін тәмамдадық. Аталмыш жобаның демеушісі Kaspi bank болды. Табыстау рәсімі, Денсаулық Сақтау басқармасы тарапынан өткізілген, қалалық емдеу мекемелерінің барлық бастықтары жиналған жұмыс жиналысына орайластырылып, конференц-залда өткізілді. Сахнаның арғы жағында, қорымыздың көрсеткен көмектері үшін, сол ауруханалар, шипажайлар мен емхана дәрігерлерінен алынған алғыстарды есту біз үшін үлкен қуаныш болды. Құттықтау сөзімен, «Kaspi bank»АҚ-ның Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе мырза және Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Еркін Ермекұлы Дүрүмбетов мырза сахна төрінен көрінді.
Қорымыз орнатқан жабдықтар, перзентхана қызметкерлеріне, жүздеген нәрестенің өмірін сақтап қалуда өз септігін тигізеді, олай болса жүздеген отбасыға қуаныш сыйлайды деген үміттеміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/programs-kz/breath-baby-kz/item/1100-news-kz#sigFreeId8d084c6689