2011 жылдан бастап ұялы байланыс жетекші операторларының бірі, Beeline сауда маркасы бар «КаР-Тел» біздің қорға, соның арқасында «Тыныс ал, балақай» жобасы үшін қаражат жиналып жатқан қысқа нөмір 1462 ұсынды. Beeline әр абоненті, 1462 нөміріне sms жібере тұра, өз балансынан «Тыныс ал, балақай» жобасын іске асыруға көмек жасай, 100 теңге аударып отырады. Естеріңізге сала кетейік, бұл республикамыздағы барлық түкпіріндегі босану үйлері мен перинаталды орталықтар балалық бөлімінің реанимацияларына жәрдем беретін жоба.
Бүгін 2012 жылдың қорытындысы жасалды. Биыл Beeline абоненттері sms-тің арқасында «Тыныс ал, балақай» жобасына 5 745 300 теңге аударыпты. Бұл ақшаға босану үйінің балалық реанимациясы үшін 2 дем салу СИПАП аппаратын алуға болады. Осы аппараттар медициналық қызметкерлеріне шала туған балаларды жеткізуге көмектеседі, ал өлімнен құтқарылған бір бала болса да, жанұя үшін үлкен бақыт емес пе.
«КаР-Тел» компаниясы 2013 жылы «АЯЛА» қайырымдылық қорымен ынтымақтастасуын жалғастыра түсті де, сөйтіп, осы жыл бойы Beeline әр абоненті 1462 нөмірге sms жібере отыра, «Тыныс ал, балақай» жобасын іске асыру үшін бізге көмегін көрсете алады. Естеріңізге сала кетейік, бір нөмірдегі sms-тің саны шектелмеген. Сіздің қайырымдылыққа үйлеріңізден шықпай-ақ отырып та қатыса алатын мүмкіндігіңіз бар.