Бүгін ҚР Тұңғыш Президент паркінде қайырымдылық BKS жүгіріске старт берілді. Стартта болған суық жаңбырға қарамастан көп спортсмендер, жорналистер, жанкүйерлер жиналды. Тіркеуден кейін World Class фитнес клуб инструкторы Валихан шатты ширату өткізді де, тура сағат 11:00-де жүгіріс басталды. Спотрсмендерге парктің периметрі бойынша 10 км шақырым жерді жеңуге тура келіп тұрды. Бұл талапты жүгірушілердің көбі орындап шықты, бірақ жүгіріс қатысушыларының жартысы 2 және 6 шақырым км жерлерде дистанциядан шығып кетті. Сонда да, жауын – шашынды ауа райына қарамастан, барлығы ынталалықпен жүгірді.
Осы шара барысында жиналған барлық қаражат «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай» жобасын іске асыруға бағытталады. Бұл жоба біздің елдің перинаталды орталықтар реанимацияларының балалық бөлімдерін замануи медициналық жабдықтармен қамтамасыздандыруға көмектесуге бағытталған. Осы жоба шектеуінде өмірлік қажеті бар аппаратураны Алматы қаласы перинаталды орталықтарының барлық перзентханалары мен перинаталды орталықтары, және Өскемен, Семей, Қарағанды, Атырау, Тараз, Ақтөбе қалаларында орналасқан облыстық перзентханалар мен перинаталды орталықтар алды. Қызылорда қаласындағы облыстық перинаталды орталық үшін жабдықтар сатып алынып үлгерілді. Бұл жобаны «АЯЛА» қоры ҚР денсаулық сақтау Министрлігі мен облыстық басқармасымен тығыз әрекеттенуде іске асырып жатыр. Медициналық мекемелерге «АЯЛА» қайырымдылық қорымен жіберілген жабдықтар перзентхана және перинаталды орталықтар қызметкерлеріне жаңа туған мыңдаған балалардың өмірлерін сақтап қалуға көмектесті.
Жүгірістің ұйымдастырушысы болып Британ-Қазақстандық Қоғам (British-Kazakh Society, BKS) мен Астана қаласының әкімшілігі шықты. BKS-дың қайырымдылық жүгіруді ұйымдастырудан бай тәжірибесі бар, осындай жүгірулер Астанада 4 жыл бойы қатарымен өткен. BKS өткізетін жартылай марафондар дипломаттар, шетел және біріккен компаниялар, және қазақстандық іскерлер мен мемлекеттік құрылымдар арасына көп таралған. Британ-Қазақстандық Қоғам Алматы қаласында қайырымдылық жүгірісті алғашқы рет ұйыдастырып отыр. Қайырымдылық жүгірістер біздің қала үшін жаңа дәстүр болып қалыптасар, деп үміттенеді ұйымдастырушылар.
Жеңімпаздар бірнеше номинациясымен белгіленеді - еркектер арасынан да, әйелдер арасынан да финишқа келген ең жақсысы және корпоративті жүгірушілерінің арасынан жеңімпаз. Ең жақсы жүгіруші Анель Акиянова болды, екінші орынды Әйгерім Дускинова алды, финишке үшінші болып Ләззат Тоқтарова келді. Еркектер арасынан Ержан Жанмаилов бірінші болды, екінші финишталған Жас жүгіруші Ернар Ибраев болды, Финишталғандардың тізімінен үшінші жолды 51 жастағы Алматылық марафонецтер клубының мүшесі Қаирболат Егеубаев алды. Айтпақшы, жүгіріс жеңімпазы да осы клубтан. Корпоративті жүгірушілерінің арасында орындар келесідей реттермен үлестірілді. Сбербанк өкілі жеңді, «күміс» «Kamkor Management» компаниясында, «қола»-ны «Эйр Астана» әуекомпаниясы жеңіп алды.
Спорт қайырымдылық акциясының демеушілері болып «Эйр Астана» әуекомпаниясы, «KIOGE» компаниясы мен Сбербанк шықты. «Kamkor Management» компаниясы корпоративтік жүгіруші ретінде шараға қатысты.
Қайырымдылық BKS жүгіруді қазақстандық олимпиадалықтар қолдады. Шарада 2012 жылдағы Лондон Олимпиадасы бокс жарысының медалистері қатысады - қүміс жеңімпазы Әділбек Ниязымбетов пен қола медалінің иесі Иван Дычко. Қайырымдылық жүгіруде біздің олимпиадалықтардың қатысуы – қазақстандық спортсмендердің әлеуметтік жауапкершіліктіктерінің кезекті дәлелі. Бұл үлгі Қазақстан Республикасындағы қайырымдылық ұйымдарының осы мейірімді дәстүрінің дамуындағы ортақ істеріне қызмет етер, деп сенеміз.
Британ – Қазақстандық Қоғамның атқарушы директоры Гаухар Брамлей-Фентон осы жағдай туралы былай деді: «2009 жылы Лондонда пайда болған, енді Қазақстанда тірі бұтақ беріп жатқан біздің идеяның дамуын біз қызығушылықпен қадағалап отырамыз. Қайырымдылық және онда қатысу қалауы қазақстандықтардың жүректерінен беделді орын алады, деп сенеміз.»
Алматы қаласының дене шынықтыру мен спорт басқармасының бастығы Хайрболат Хайдаров: «Қала әкімшілігі BKS бастауын қолдады. Біздің елімізде дене шынықтыру мен спорт дамуынан басқа, осындай шаралар британ – қазақстандық байланыстарды бекітеді де, және спорт пен салауатты өмір дәстүрін насихаттайды», деп белгіледі.
«АЯЛА» қайырымдылық қорының Вице-президенті Жангелді Сарсенов жүгірудің осы жағдайы туралы былай деді: «22 қыркүйекте өткен жартылай марафон және Алматыдағы 10 км шақырым жүгіріс қатысушылар санының көп болғаны, адамдардың қайырымдылық әрекетке бей-жай еместігінің дәлелі. Екі жүгіріс барысында небары 7 564 000 теңге жиналды. Біз басынан бастап, 2 спорт шара кезінде 19 621 800 теңгені «Тыныс ал, балақай» Петропавл жобасын іске асыру үшін жинауға мүмкін болатынына күдіктендік, бірақ басын бастадық.»
Петропавл облыстық перинаталды орталығы реанимациясының балалық бөліміне «Тыныс ал, балақай» жоба шектеуінде 3 реанимациялық үстел, 3 СИПАП дем салу аппаратын, инелік мөлшергіштер, медициналық тараздар және шала туған балалар мен әр түрлі аурулары бар перзенттерге жоғары технологиялық көмектерін көрсетуге арналған жабдықтар сатып алу қажет болып тұр.
Жүгірудің ұйымдастырушылары мен Астанадағы жартылай марафонның барысында жиналған барлық қаражат берілген «АЯЛА» қайырымдылық қоры барлық қатысушыларға, біздің атақты спортсмендерге және, әсіресе, демеушілер мен серіктестер болып шыққан адамдар мен компанияларға шынайы алғыстарын білдіреді. Ал ең үлкен алғысымыз жүгіруге қатысып, финишқа дейін дистанциядан шығып кеткен қатысушыларға. Осы жүгірушілер өз өнегесімен «Бастысы - жеңіс емес, қатысушылық» деген олимпиада принципін дәлелдеді.
Жүгірудің ұйымдастырушылары мен Астанадағы жартылай марафонның барысында жиналған барлық қаражат берілген «АЯЛА» қайырымдылық қоры барлық қатысушыларға, біздің атақты спортсмендерге және, әсіресе, демеушілер мен серіктестер болып шыққан адамдар мен компанияларға шынайы алғыстарын білдіреді. Ал ең үлкен алғысымыз жеке жүгірушілер болып қатысқандарға. Олардың көбі өз кішкене үлестерін қосты, яғни, жүгіріске қатысқан үшін 2 500 теңге, бірақ ақша жинауға арналған бокстерге одан да маңызды сомаларды салған адамдар да болды.
Алматыдағы BKS жүгіріс алғашқы рет ұйымдастырылып отыр, сондықтан белгілі бір кедір-бұдырлықсыз өтпеді, бірақ ұйымдастырушылар болашаққа оптимистікпен қарап отыр. Ендігі жылы Астанада мерейлі бесінші жартылай марафон өтеді, ал Алматыда болса, екінші BKS жүгіріс, және «ұлғайған» сайын осы шаралардың ұйымдары біртіндеп жақсарады, ал қатысушылар, демеушілер, серіктестер сандары жылдан жылға көбейеді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/programs-kz/breath-baby-kz/item/1293-news-kz#sigFreeId997615b103