ҚазМұнайГаз-дың 3 жанармай бекетінде, «Тыныс ал, балақай»жобасына қаражат жинауға арналған құтылар орнатылды. «ҚазМұнайГаз» компаниясы басқармасының, дәл осы жанармай бекеттерін таңдаудағы себебі, жанармай құюшыларының саны едәуір көптігінде болып отыр.
Қорымыз басқа жерлерден қаражат жинаудағы тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа орындарға үміт артуда. Қаламыздың автоәуесқойлары, «Тыныс ал, балақай»жобасының республикалық кезеңінің өткізілуіне бей-жай қарамайды деген ойдамыз.