Бүгін Павлодар облысының перинаталды орталығында шала жаңа туылған перзенттерді жетілдіруге арналған, жалпы сомасы 17 715 800 тенгені құраған медициналық жабдықтарды тапсыру рәсімі өтті. Жобаның осы кезеңінің демеушілері болып Trade Commerce Oil компаниясы және Алматы қаласының «Қағанат» асханалар желі шықты.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымның (ДДҰ) тірі туылу критерийлер бойынша стандарттарына көшкен болатын. Осы кезден бастап тірі туылды деп салмақтары 500 граммнан астам перзенттер саналады, совет кезінен бері тірі туылды деп салмақтары 1200 граммнан астам балалар саналатын. ДДҰ стандарттарына көшкендік елдің даму индикаторы болып табылатын біздің еліміздегі аналық өлімдермен қатар балалық өлімдер көрсеткіштерін кенет көтеріп жіберді. Жаңа нормативтерге өту медициналық қызметкерлердің біліктілік деңгейі мен балалық бөлімдер реанимациясын жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен қамтылуына жаңа талаптар қойды.
Павлодар облыстық перинаталды орталығы (ОПО) 95 кереуетке есептелген, жаңа туылған перзенттер патология бөлімі 30 пациентті қабылдай алады. Орталықтың қызметкерлері жаңа туылған балаларға санитарлық авиация желі бойынша көмекті жүзеге асырады. 2011 жылдың 5 ай арасында тірі 1140 бала туылды, оның ішінде 9,2% - шала туылғандар.
Павлодар облыстық перинаталды орталықтың реанимация балалық бөлімі 6 кереуетке есептелген. Перинаталды орталықтың III деңгейдегі мекемесі ретінде, бұл босануда жәрдем жасайтын мекеме Павлодар облысындағы екі қабат және тәуекел тобына жататын әйелдерге медициналық көмек көрсетеді.
Павлодар облысындағы денсаулық сақтау Басқармасының жетекшісі Нұрлан Қаукенович Қасимовтың сөзі бойынша: «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай» жобасы өзінің тиімділігін дәлелдеп отыр. Біздің басқа облыстардағы әріптестеріміз, олардың жобаны іске асыру шектеуінде алған жабдықтардың сапасына өте риза. Бұл жабдықтар жұмысты тиімді ете, неонатологтар жұмысына қатты маңызды көмектеседі. Және оған қоса, орта медициналық қызметкерлер жұмысының сапасын маңызды көтереді».
«Перинаталды орталықтар, және олармен қоса біздікі де, өзіне неше түрлі аналар мен перзенттердің патологиялары бар босануларды, оның көбі уақыттарына жетпей туылғандарды жинайды. Интенсивті терапияны қажет ететін балалар жаңа туылған перзенттер реанимациясы бөлмесіне түседі, ал, біздің бүгін алған жабдықтарымыздың өте маңызды мәні бар. Бұл аппаратура тек балалардың өмірлік көрсеткіштерін бақылауға мүмкіндік беріп қойымай, медициналық қызметкерлерге де жоғары біліктілік көмек жасауға көмектеседі. Реанимация үстелінің тағы бір өте маңызды қызметі – «жылулық тізімді» ұстап отыру», - деді Павлодар қаласындағы ОПО директоры Айман Қаиркеновна Оспанова.
«Біздің «АЯЛА» қайырымдылық қорымен табысты ынтымақтасып жүргенімізге бірталай болды. Осы қордың ең әр түрлі жобаларының ұтымдылығы жүздеп, мүмкін мыңдап сақталып қалған балалардың өмірлерімен дәлелденіп отыр. Біздің қайырымдылыққа қатысуымыздың үлгісі «АЯЛА» қорының миссиясы – біздің елімізде қайырымдылықтың дәстүрі мен мәдениетін қалыптастыруын атқарудың тағы бір тетігі болар, деп ойлағымыз келеді. Қордың барлық оның бастауларына біздің көмектескіміз келеді, және көмектесіп отырамыз да», - деді Trade Commerce Oil компаниясының директоры Арман Тұяқаев.
«Бүгін кезекті облыстық перинаталды орталық «Тыныс ал, балақай» жоба шектеуінде жабдықтар алып отыр. Бұл жобаны біздің қор 2009 жылы бастап, және осы жоба шектеуінде замануи медициналық аппаратураны Алматы қаласының барлық перзентханалары және перинаталды орталықтары алды. Ал ҚР денсаулық сақтау Министрлігімен Меморандумға қол қойысқаннан кейін, жоба республикалық дәреже алды. Бұл жоба аяғына да жетіп қалды, сөйтіп, қазір «АЯЛА» қорынан әлі көмек алмай қалған облыстық перинаталды орталықтардың атауларын айтуға әлдеқалай жеңіл болды. Олар Орал, Ақтау, Көкшетау және Түркістан қалаларындағы ОПО-лар. Өтіп жатқан жылы осы қалалар үшін де демеушілер табылар, деп сенеміз», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сарсенов.
Биыл Павлодарда перинаталды орталығының жаңа ғимаратын салып бастау жоспарланып отыр. Бұл ғимарат медициналық қызметкерлер үшін де, пациенттер үшін де бұрыннан жайлылырақ болмақ. Бүгін перинаталды орталықтың алып отырған жаңа жабдықтары жаңа ғимаратқа лайықты жалғас болып тұрмақ. Ертең Қостанайда «Тыныс ал, балақай» жобасының кезекті кезеңін өткізу үшін, біздің қызметкерлеріміз дәл осы күні Астанаға ұшып кетті.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/programs-kz/breath-baby-kz/item/1706-news-kz#sigFreeIdd2c82a7fe5