Қазақстандағы Chocolife.me дисконттық сервисі 1 – 5 маусым аралығында «Тыныс ал, балақай» жобасына ақша жинау акциясын өткізді. Бұл компанияның жұмыс істей бастағанына бір айдан сәл асса да, бұл аз мерзім оның қайырымдылыққа қатысуына бөгет болмады. Chocolife.me командасы бұл акцияның өткізілуін Халықаралық балалар күніне арнады. Бұл күндері сервисте купон сатып алған әрбір адам 200 теңгесінің біздің қорымызға жіберілетінімен келісті. Осы күндері бұл мәселеге енжар қарамайтын адамдардың саны айтарлықтай өсті. Басқа тақырыптарға орай дисконттық акциялар өткізілген күндері сервис 180 купонға жуық сатса, бұл акция 540 адамның назарын тартты. Нәтижесінде «Тыныс ал, балақай» жобасына 108 000 теңге жиналды. Бұл акцияның үлгісі қайырымдылықтың тек қарапайым ғана емес, сол сияқты пайдалы екендігін де көрсетті.
Chocolife.me командасында жиналған енжар қарамайтын адамдардың саны күннен күнге өсіп келе жатқандығы бізді қуантып отыр. Chocolife.me сервисінің ұжымына, акцияның барлық қатысушыларына қажеттіліктеріне акция барысында жиналған ақша жұмсалатын Қазақстанның облыстық перинаталдық орталықтарының балалар жан сақтау бөлімшелерінің кішкентай емделушілері атынан үлкен алғыс айтамыз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/programs-kz/breath-baby-kz/item/1580-news-kz#sigFreeId573a3bd2cf