Бүгін Түркістан қаласының № 3 Оңтүстік Қазақстан облыстық перинаталдық орталығында айы-күні жетпеген нәрестелерді күтіп-бағуға арналған медициналық жабдықты тапсыру рәсімі өтеді.
Бесінші жылы іске асырылып жатқан «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай» жобасы аяқталуға жақын. Бұл жобаны іске асыру барысында бүкіл Қазақстан бойынша перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың балалар жан сақтау бөлімшесіне медициналық аппаратураның айтарлықтай саны орнатылды. Жоба Денсаулық сақтау министрлігімен және облыстық денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп іске асырылды. Нәрестелерді күтіп-бағуға арналған өмірлік қажетті медициналық аппаратура медициналық қызметкерлерге тұтастай алғанда республика бойынша балалардың өлім-жітім көрсеткішін 17%-ға төмендетуге жәрдемдесті. Бұл фактіні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өтті. Бұл нәтиже – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың нәтижесі.
Бүгін «Тыныс ал, балақай» жобасының кезекті кезеңі Түркістан қаласында орналасқан № 3 Оңтүстік Қазақстан облыстық перинаталдық орталығында іске асырылуда. «АЯЛА» қоры балалар жан сақтау бөлімшесіне жалпы сомасы 2 936 000 теңге болатын СИПАП тыныс алу аппаратын және медициналық сорғыштар тапсырады. «Тыныс ал, балақай» жобасының осы кезеңінің демеушілері «Интергаз Орталық Азия» АҚ және LCB Partners компаниясы болды.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-тың Оқу-курстық комбинаты филиалының директоры Несіпбай САРЖҮЗЕЕВ: «Біздің компаниямыздың «АЯЛА» қайырымдылық қорының аса маңызды әлеуметтік медициналық жобасына қатысуы біз үшін маңызды қадам болды. Жерлестеріміздің өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған жобаларға бизнестің қатысуы жақсы дәстүр болып қалыптасуда. Біздің компаниямыз өңірдегі табысты адамдарға үлгі болатынына сенемін» - деп атап өтті.
LCB Partners компаниясының өкілі Бота ТҮЛЕНОВА өз кезегінде: «Біздің компаниямыз «АЯЛА» қорының жобаларына бірінші рет қатысып отырған жоқ. Қордың барлық қызметкерлерінің және волонтерлерінің жоғары кәсіби деңгейін атап өткім келеді. Олардың өз ісіне деген адалдығы көрініп тұр. Компаниямыз қатысқан барлық жобалардың нақты, көзге көрінетін нәтижесі бар. Ең бастысы, ерекше қамқорлықты талап ететін балалар көмек алуда» - деді.
Түркістан қаласының № 3 Оңтүстік Қазақстан облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Алма Яудовна ИЛЬЯСОВА: «Мен «Тыныс ал, балақай» жобасы туралы көптен бері білемін. Менің әріптестерім, перинаталдық орталықтардың директорлары, балалар жан сақтау бөлімшелерінің меңгерушілері өздерінің «АЯЛА» қорынан алған жабдығы нәрестелердің өлім-жітімі көрсеткішін төмендетуге шын мәнінде көмектесетінін және мерзімінен бұрын дүниеге келген балаларға жоғары технологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін айтады. «АЯЛА» қорының көмегі Түркістанға да келгені қуанарлық жағдай» - деп атап өтті.
«Оңтүстік Қазақстанда баланың дүниеге келу көрсеткіші жоғары. Төрт перинаталдық орталықтың бірінде жыл сайын Солтүстік Қазақстан облысының перинаталдық орталықтарында дүниеге келетін нәрестелердің саны дүниеге келеді. Біздің қорымыз «Тыныс ал, балақай» жобасын бірлесіп іске асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бізге осы өңірге айрықша назар аударуға ұсыныс жасады. Биыл біздің қорымыз ОҚО екі перинаталдық орталығына заманауи жабдықты берді. Бұл бастамаға Шымкент қаласы мен облысының барлық тұрғындары қолдау көрсетеді деп үміттенеміз», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді СӘРСЕНОВ.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/programs-kz/breath-baby-kz/item/1816-news-kz#sigFreeId9354deb763