Жаз басында, қорымызда жағымды жаңалықтар орын алды.«Тыныс ал, балақай»жобасының республикалық кезеңі мықты демеу алды. Қорымыздың демеушілері, екі бірдей облыстық перинаталдық орталықтарының балалар реанимация бөлімшелеріне арнап, өмірлік маңызы бар жабдықтар сатып алуымыз үшін қаржы жіберді. Демеушілеріміздің біреуі - Арвинд Тику - Қарағанды облысының перинаталдық орталығына көмек беру туралы шешім қабылдады. Балалар реанимация бөлімшелеріне, қазірдің өзінде 3 СИПАП-тыныс алу жабдығы, 3 реанимация үстелі, 6 перфузор, 3 инфузомат,рентген аппараты және де басқа медициналық жабдықтар алынған. Жоғарыда аталған жабдықтардың жалпы құны 18 214 147 теңгені құрап отыр.
«Dialin»интерьер үйі, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының облыстық перинаталдық орталығына көмек беру туралы шешім қабылдады. Балалар реанимация бөлімшелеріне де 3 тыныс алу жабдығы, 3 реанимация үстелі, 10 перфузор, 10 реанимация сандығы және басқа да керекті медициналық жабдықтар жіберілетін болады. Осы мақсатпен,«Dialin»компаниясы 14 500 000 теңге қаржы аударды.
Сонымен қатар, «Қағанат»асханалар желісінде орнатылған құтыларда, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының облыстық перинаталдық орталығына, 6 перфузор, 3 инфузоматсатып алуға жететін қаражат жиналғанын және де жоғарыда аталған жабдықтар, 2 430 000 теңгеге сатып алынғандығын да білдіреміз.
Осы кезде сатып алынған жабдықтар Қазақстанға күзде жеткізілетін болады.