Жаңа 2012 жылдың алдында бұрыннан және тұрақты біздің қордың серіктесі болып келе жатқан Halyk bank Тараз қаласының және Жамбыл облысының барлық тұрғындарына үлкен маңыздылығы бар сыйлық жасады. Облыстық перинаталды орталықтарды жаңа шала туған балаларды күтуге арналған замануи жабдықтармен қамтамасыз ету қарастырылған «Деміңді алшы, балақай» жобасына Halyk bank 10 млн. теңге бөліп берді.
«АЯЛА» қорының 5 жыл құрылғанынан бері, біздің өзіміздің демеушілеріміздің кішкене болсада ерекше классификациясы пайда болып келеді. Оладың ішінде, неше түрлі себепке байланысты, бір нақты перинаталды орталықты немесе әр – түрлі оқу мекемелерге көмек көрсететін жобаны таңдап алатын демеушілер болады, және біздің қормен көп жылдан бері ынтымақтастасып келе жатқанның күшімен, қордың өзінің кез келген жобасына жіберуге өздік таңдауына мүмкіндік беріп, бізге ақша бөле салатын да демеушілер болады. Осындай демеушілерді, біз «нағыз» демеушілер деп атаймыз. Көмектің бұндай түрі, біздің тұрақты серіктестеріміздің, олардың қайырымдылыққа берген қаражаттарын қордың үлестіруіне сенім білдіргендері, себебі, барлық ақшаның мейірімді іске міндетті түрде қызмет ететінін біледі.
Halyk bank басшылары мен қызметкерлерін, және жақын және кейінгі болашақта облыстық перинаталды орталықтың пациенттері болатын Тараз қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарын құттықтаймыз.