Өте қызық жаңалықты біз казнеттен таптық. Today.kz интернет-порталдың мәліметі бойынша, жақын арада Алматыда қалалық денсаулық сақтау Басқармасының коллегиясы өтіпті. «АЯЛА» қайырымдылық қоры үшін Басқарма бастығы Жанат Қасымжанова келтірген 2012 жылдағы статистикалық деректер: «Перзенттер өлімі 28%-ға төмендеді, бұл – республика бойынша озат нәтижелердің бірі» «жанға шипамайдай» болды. Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылдан бастап біздің қор перзенханалардың балалық реанимация бөлімдері мен перинаталды орталықтарға көмекке ауқымды және қымбат жобаны іске асырып жүр. Жобаның атауы «Тыныс ал, балақай». Осы жобаны іске асыру барысында Алматы қаласының барлық перзентханалары мен перинаталды орталықтары шала жаңа туылғандарды жетілдіруге, және реанимациялық көмекке қажеттенетін балаларға арналған диагностикалық және емдік медициналық аппаратураларға ие болды. Шала жаңа туылғандардың шамамен төрттен үш бөлігі өмірге тұрғылықты алматылықтар, әдетінше, «№3 босану үйі», деп атайтын Алматылық перинаталды орталығында келеді. Бұл медицина мекемесінде іс жүзінде әр алматылықтың бір болса да жақындары және туғандары дүниеге келді: баласы, қызы, немересі немесе жиені. Нақ Алматылық перинаталды орталық біздің қордан ең көп санды замануи медициналық аппаратураға ие болды.
Біз білеміз, перзенттер өлімдерінің төмендеуінде «АЯЛА» қайырымдылық қорының үлкен еңбегі бар, бірақ бұл жұмыс қордың серіктестерісіз мүмкін емес. Ал, біздің серіктестеріміз тек қана банктер мен коммерциялық ұйымдар ғана емес, біздің қаланың қарапайым адамдары да – жұмыскерлер, студенттер, үй шаруасындағылар, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, және бір Адам – деген сөз терминіне бірлестіріп қоюға болатын барлық адамдар. Нағыз осылай – бас әріпті Адам. Біздің елдің балаларына көмек деген өзендер басталатын көп бұлақ көздері сарқылмас, деп сенеміз.