Тұңғыш Президентінің қорында Алматы қаласының қайырымдылық қорлар Ассоциациясының кезекті жиналысы болып өтті. Жиналыста көбі қайырымдылық - әлеуметтік жобалармен айналысатын 18 коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Ұсынған гранттар түрлерін алғашқы таныстырып, «БОТА» қоғамдық қор бағдарламасының менеджері Жаңыл Мұқашова сөз сөйледі. «Фотонастия» жобасы туралы «Шын жүректен» ҚҚ-дың президенті айтып берді. Біздің еліміздегі балалар кардиохирургиясының дамуы жөніндегі қайырымдылық қорларының жобасы туралы, ол бойынша нелер жасалды, тағы нелер жасалады, және «Менің де өмір сүргім келеді» жобасының бірінші жетістіктері туралы «АЯЛА» қайырымдылық қорының президент кеңесшісі Жангелді Сарсенов сөз сөйледі.
Ал осы жиналыс күн тізбесінің басты мәселесі ҚҚА-ның даму жолын қарастыру болған. Жиналған КЕҰ өкілдері, сарапшы Асқар Қалиевтің және политолог Эдуард Полетаевтің баяндамаларынан кейін, бірқалыпты пікірге келіп, заңды тұлғалық қалыптастырып, оны «Қазақстанның қайырымдылық ұйымдар Ассоциациясы(ҚҰА) » деп атау керек деп шешті. ҚҰА дамуының стратегиялық жоспарын жасау жөніндегі қызмет тобын құру керек, және Қазақстан Республикасының тұрғындарының әлеуметтік осал жерлеріне көмек көрсетумен айналысатын, КЕҰ мен қайырымдылық ұйымдардың мәліметтер базасын қалыптастырып бастау керек деп шешілді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/about-kz/archive-news-kz/item/1049-news-kz#sigFreeId7ecadc5cac