«Қазақстандағы қайырымдылық» атты жыл сайынғы Екінші халықаралық конференцияның қарсаңында, біздің қорымыздың «Бауыржан», Қайырымдылық қорлары қауымдастығымен бірлесе отырып ұйымдастырған баспасөз-конференциясында нақ осы тақырып кеңінен талқыланды.
Аталмыш конференция, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қорының қолдауымен жүзеге асты. Ұйымдастырушы комитетінің қатысушылары, конференцияның негізгі мақсаты-қайырымдылық ұйымдарының БАҚ-пен ықпалдаса жұмыс жасауына және де БАҚ-тың, еліміздегі қайырымдылық мәдениетін және дәстүрін дамытудағы рөліне арналғандығын атап өтті. Жоғарыда аталған баспасөз-конференциясы аясында, еліміз азаматтарының қайырымдылыққа қосқан үлес санының төмендігі айтылды. Сонымен қатар, журналисттердің, қазақстандықтардың қайырымдылық жасауға өз үлесін қосуына бағытталған белсенді еңбегі болмаса, біз, дамыған шет елдердің еңсеріп отырған, осындай адамгершілікке толы игі істер санына жете алмай қалуымыз мүмкін екендігі, жайында да сөз қозғалды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/about-kz/archive-news-kz/item/1105-news-kz#sigFreeId20482d95ca