2011 жылдың 18 мамырында Алматы қаласында «Қазақстандағы қайырымдылық» атты Екінші жылсайынғы Халықаралық конференция өткізілді. Аталмыш конференцияны, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті қорының қолдауымен, «АЯЛА», «Бауыржан» және Қайырымдылық Қорларының Қауымдастығы (ҚҚҚ) ұйымдастырды. Конференцияны ҚР Бірінші Президенті қорының атқарушы директоры Бектас Ғафурұлы Мұхамеджанов ашты. Сонымен қатар, ашылу салтанатында, «Нур Отан» ХДП-ның Орталық Аппараты жетекшісінің орынбасары Мұхтар Ерман мырза және ҚР Байланыс және Ақпарат Министрлігі Мұрағаттар және ақпарат Комитетінің Басшысы Болат Берсебаев мырза сөз алды.
Осы күні, ҚР Бірінші Президенті қоры ғимаратының үлкен және кіші залдарында көптеген қызық оқиғалар орын алды. Форумға қатысу мақсатымен, Қазақстанның түкпір-түкпірінен бейкоммерциялық мекемелердің өкілдері келді. Биылғы жылдың конференсиясының тақырыбы «БАҚ және қайырымдылық», болғандықтан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де аз болған жоқ. Толық мәжіліс барысында, ҮЕҰ-дың өкілдерімен қатар, БАҚ-ның өкілдері де баяндама жасады. Кейбір баяндамалыр қарама-қайшы пікірдың орын алғандығын да білдірді. Қайырымдылық Қорлары (ҚҚ) өкілдері, журналистерге, олардың бейкоммерциялық сектор шараларын теріс айналып өтетіндіктері жайлы мін тақты. Журналистер болса, (ҚҚ) өкілдеріне, өткізілетін шараларды қызықты еткізіп жеткізе алмайтындықтары турасында уәж айтты. Сонымен қатар, БАҚ-ның көбінесе, қаржы мекемелеріне тәуелді екендігін де айтып өтті. Бұл қаржы мекемелеріне, қаржы-өндіріс және де мемлекеттік мекемелер де жататындығын басып айтты.
Толық мәжіліс шеңберінде талқыланған өзекті мәселелер, өте қызықты және де ҮЕҰ-мен БАҚ өкілдерінің өзара түсіністігін арттыруына ықпал етеді. «Студио-Диалог»тың Бас редакторы, («Радио России») «Адреса милосердия» атты радиобағдарламаның авторы Анна Белокрыльцеваның, «Журналистика мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Дәрмен Смайылдың, Экономика Жоғарғы мектебі ММ Қолданбалы политология факультетінің доценті, www.socreklama.ruинтернет-жобасының жетекшісі Гюзелла Николайшвилидің, «Қазақстан Баспасөз-клубы АО» ҚБ-нің президенті Әсел Қараулованың, «АРГО» ЗТБ-дан Жәмиля Асанова, «Бауыржан» Қоғамдық қорының Президенті Жұлдыз Омарбекова, «Аяла» қайырымдылық қорының вице- президенті Жангелді Сәрсеновтың баяндамалары тыңдалды.
Қатысушыларға әсіресе, Г. Николайшвилидің «Ресейдегі әлеуметтік жарнамалардың заманауи жағдайы» және Ж. Сәрсеновтың «Фандрайзинг және БАҚ – қайырымдылықтың басты қиындығы» атты баяндамалар ұнады. Толық мәжіліс бітісімен, конференцияға қатысқандардың көбісі, осы баяндамашыларға келіп, қызықты ал ең бастысы маңызды деректер ала алғандықтары үшін алғыстарын білдіріп жатты.
Аталмыш шараның басты демеушісі «Palladium» мейрамхана кешенінің қонақтарға берген тамаша асынан кейін, конференция өз жұмысын жалғастырды. Қатысушылар бір сағатқа созылған пікір-талас барысында, болашақта бұқаралық ақпарат құралдарымен қайырымдылық қорлары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты, өзара пікір, тәжірибе және ұсыныстарымен бөлісті. Пікір-таластың модераторлері ретінде, атақты журналист және саясаттанушы Эдуард Полетаев және Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының қызметкері Жәмиля Асанова тағайындалған. Ал ең қызықтысы, пікір-талас аяқтағаннан кейін, үлкен және кіші залдарда, ресейлік қонақтар тарапынан, ҚҚмен БАҚ қызметкерлеріне арнайы берілген мастер-класстар болды.
Анны Белокрыльцевоның мастер-классының тақырыбы«Дүниені өзгертудің 101 амалы: журналистне істей алады?». Мастер-класс барысында, Анна, БАҚ және бейкоммерциялық ұйымдардың ынтымақтастығы жөнінде ресейлік тәжірибемен, ақпаратты қызықты түрде «ұсыну», қайырымдылық қорларының жұмысы және кездесетін мәселелер жайында ой бөлісті. Көбінесе бұл мәселелерден жәй адамдар беймәлім болғандықтан, аудиторияд жағымсыз әсер алуы әбден мүмкін екендігі мәлім. Мысалы, балалар онкологиясы, кардиохирургия немесе мүгедек балалар жайында сөз қозғалған жағдайда, дайындалмаған көрермен немесе оқырман, ақпараттан қатты қорқыныш сезуі мүмкін. Қазақстандық БАҚ өкілдері, еліміздегі қайырымдылық шараларының баяндалу жағдайы турасында мәлімет берді.
Экономика Жоғарғы мектебі ММ Қолданбалы политология факультетінің доценті, www.socreklama.ruинтернет-жобасының жетекшісіГюзелла Николайшвили «Әлеуметтік жарнама жасаудың 5 ережесі және 5 қатесі» тақырыбында мастер-класс өткізді. Бұл самтер-класс, әсіресе қайырымдылық қорларының өкілдері үшін аса маңызды, өйткені әлеуметтік жарнамалардың бірден бір шығарушысы және тапсырыс берушісі-ол қайырымдылық қорлары болып табылады. Конференция біткеннен кейін, өңірлерден келген қатысушылар, бұл мастер-класстың кейбір тұстары бір жаңалық ашқанмен тең болғанын айтты.
Конференция барысында, еліміздің әр өңірінен келген қайырымдылық қорларының көптеген басшыларымен өкілдері, Қайырымдылық Қорларының Қауымдастығына мүше болғысы келетіндіктерін білдірді. Конференция қатысушыларының, Ресейден келген қонақтармен ұйымдастыру комитетінің ортақ пікіріне құлақ ассақ, «Қазақстандағы қайырымдылық» атты Екінші жылсайынғы Халықаралық конференция ұйымдастыру жағынан да ақпараттық тұрғысында да өте жоғарғы деңгейде өтті.
Конференцияның ұйымдастыру комитеті біздің ерікті көмекшілерімізге үлкен алғысын білдіреді. Осы жас бойжеткендерімізбен бозбалаларымыздың көмегінсіз, конференция ойластырылғандай өтпейтін еді. Бір қуанарлығы, бұл жас жеткіншектеріміз өз уақытымен еңбегін аямай қайырымдылық конференциясының өтуіне сүбелі үлес қосты. Осы орайда, қонақтарымызды алып келуге және қонақүйде жайғасуына қуана келісімін берген, біздің тұрақты демеушілеріміз -«Air Astana» әуе компаниясына, «Алматы» мейманханасына шынайы алғысымызды білдіргіміз келеді.«Қазақстандағы қайырымдылық» атты Екінші жылсайынғы Халықаралық конференциясының ұйымдастыру комитеті, ұйымдастыру жұмыстары жөнінде өз көмегін аямаған ҚР Бірінші Президенті қорына арнайы алғыс айтады.
Сонымен қатар, конференция барысын дүйім жұртқа жеткіп отырған және де қатысып ат салысқан бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары және журналистеріне ізгі құрмет сезімдерімізбен алғыстарымызды білдіреміз.
«Интерфакс-Казахстан»ААБаспасөз Орталығына
«Icon», «Alma TV» Кабельдік желілеріне,
«Хабар», «Ел арна», «СТВ», «КТК», «Алматы», «Muzzone», «Hit TV» телеарналарына,
«Mega LED display», «АданиLED display» Компанияларына,
«Қазрадио», «Авторадио», «Loveradio», «Азаттық радиосы» Радиостанцияларына,
«Взгляд», «Деловой Казахстан», «Из рук в руки», «Комсомольская правда в Казахстане», «Панорама», «Алматы ақшамы»,«Ақ босаға», «Ана тілі», «Алаш айнасы», «Дала мен қала», «Жас қазақ», «Айқын», «Вечерний Алматы», «Литер», «Курсивъ», «Мегаполис», «Страна и мир», «Время»Газеттеріне,
«Adam Reader’s», «Apple city вкуси сочную жизнь», «Business woman», «Cosmopolitan», «Golf.kz», «Kazakhstan», «Kazenergy», «Naslednik», «National business», «Nomad-Kazakhstan», «Property.kz», «Time out», «Vinatge», «Viva la vida», «Wedding world», «World Discovery Kazakhstan», «Байтерек», «Бизнес-мир Казахстан», «Деловая женщина», «ДМ», «Женщины Восток-Запад», «Медикер», «Мой бизнес Казахстан», «РЦБК», «Сезон», «Совет директоров», «Успех – Success», «Центр Азии», «Эксклюзив», «Эксперт Казахстан» Жорналдарына,
«Nur.kz», «Нур медиа» Интернет-желілеріне шынайы алғысымызды білдіреміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/about-kz/archive-news-kz/item/1108-news-kz#sigFreeId4ec0a8fb06