Маусым айының үшінші жексенбісінде өтетін, Медицина қызметкері күні қарсаңында, «АЯЛА» қайырымдылық қоры, Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі тарапынан, қорымыздың еліміздегі денсаулық сақтау саласының дамуына қосып жатқан үлесі үшін марапатталды. Еліміздің облыстық перинаталдық орталықтарын медициналық жабдықпен қамтамасыз ету, заманауи және өмірлік маңызы бар жабдықтармен жұмыс істей білу үшін, қызметкерлерге білім беруге бағытталған,«Тыныс ал, балақай»жобасы арнайы алғысқа лайықты. Аталмыш алғыс хат, Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрі Құрметті Қайырбекова Салидат Зекенқызы тарапынан жазылып, жіберілген.