Қаламыздың көшелерінде «Тыныс ал, балақай» жобасына жәрдем беру құралы көрсетілген билбордтар орнатылды. Қаламыздың тұрғындары және қала қонақтары, еліміздің облыстық перинаталдық орталықтарына заманауи медициналық жабдық сатып алуға бағытталған жобаға бей-жай қарамай, қаржы-қаражаттарын аударады деген сенімдеміз. Қорымыз, Мәдениет Басқармасы және «Алматы жарнама» басқармасымен қатар қызметкерлеріне де, еліміздің денсаулық сақтау саласындағы мәселелерден тыс қалмай, көмек қолдарын созғандары үшін шынайы алғыс сезімдерін білдіреді.
Осы орайда, билбордтардың ақысыз орнатылғандығы және де бұл билбордтар, (Beeline) 1462 нөміріне хабарлама жіберу арқылы қаржы жинау акциясының науқаны 2011 жылдың аяғына дейін жалғасатындығын алматылықтардың есіне түсіретіндігін айта кеткен жөн.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/about-kz/archive-news-kz/item/1121-news-kz#sigFreeIdeb7cfaa7ab