Қыркүйектің 26 – нан 28 – не дейін біздің қор Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Семей және Өскемен қалалардың балалар ауруханалары мен перинаталды орталықтарына балалар реанимациясы бөлімдерінің дем салу аппараттары үшін көп санды шығындалатын материалдарын жіберді.
Мүмкін, адамдардың көбі сезбейтін де шығар, тосалмайтын уақытта, наркоз кезінде демді ұстауға аса күрделі және, әсіресе маңызды , өмірлік қажет аппаратураның жұмысы бір - ақ «ұсақ – түйекке» байланысты. Барлық дем салу аппараттарының құрамында көптеген әр – түрлі жұмсақ трубкалар ауыспалтқыштар, шлангтер болады. Егер металдан жасалған саймандар көп уақытқа шыдаса, пластиктен жасалған «ұсақ – түйектер» тез істен шығады. Кейбір кездерде ауыспалтқыштар немесе демге қажет газдар жіберетін трубка істен шығып қалғандықтан бауырға табиғи емес жолмен ауа жіберуге арналған қымбат тұратын аппарат тұрып қалуы мүмкін.
Негізі осы шығындалатын материалдарға жоғарғыда айтылған қалалардың балалар медициналық мекемелері ие болды. Реанимация бөлімінің қызметкерлері біздің қордың медицина жабдықтары бойынша жұмыс істейтін кеңесші Берік Даржановқа үлкен алғыстарын айтып жатты. Ал біз болсақ, өз кезегімізше, бізге бұл жабдықты жіберген «Sunmedica» компаниясына шын жүректен разылығымызды білдіргіміз келіп отыр.