Бүгін Украинадан, біздің қордың «ЭксонМобил Казахстан» компаниясымен бірігіп, Харків медициналық диплом алудан кейін білім беру академиясына (ХМДБА) біліктіліктерін жоғарлату курсына жіберген төрт неонатолог-дәрігер қайтып келді. Атырау облыстық перзентхананың 2 дәрігері және Шығыс Қазақстан облысының 2 дәрігері, барлық совет кеңісіндегі неонатология флагмандардың бірі болып табылатын осы академияда екі апталық білім жетілдірулерден өтті. ХМДБА оқытушылары қазақстандық дәрігерлерінің білімдерінің өте жоғарғы деңгейде екендерін айтты.
Біздің дәрігерлерге берілген курстарда оқыту ХМДБА-ның тек профессорлық құрамдары арқылы ғана өткізілді. Қазақстандық неонатологтар, өз еліне қайтып келгеннен кейін, осындай курстардың біздің дәрігерлер үшін өте-өте тиімді де, пайдалы екенін айтты. Оқулары біткеннен кейін, барлық дәрігерлер халықаралық сертификаттарына ие болды.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры да «ЭксонМобил» компаниясы сияқты өз қамқорындағыларға қашанда болса комплексті көмек көрсетуге талпынады. Дәл осы жағдайда, дәрігерлерінің білім алуларына көрсеткен көмектен басқа, тағы облыстық перинаталды орталықтар мен перзентханалар биылғы жылдың наурызында «АЯЛА» қайырымдылық қорынан балалық реанимациясының бөлімдері үшін көп санда емдеу және диагностикалық жабдықтарын алды. Қазақстан жерінен ұшып өтуді, және оларды Мәскеуге жеткізіп тастауды ұлттық әуетасымалдау - «Эйр Астана» компаниясы ақы төлемсіз негізінде қамтамасыз етті. Жабдықтарды сатып алуда және дәрігерлерді оқытуда «ЭксонМобил Казахстан Инк.» компаниясы бас демеуші болып шықты.