«Тыныс ал, балақай» жобасының Республикалық кезеңі елмен жүріп өтуде. Бүгін өмірлік қажеті бар жабдықтарды балалық реанимация бөліміне Ақтөбе облыстық перинаталды орталығының (ОПО) қызметкерлері алды. Бұл босануда жәрдем ететін мекеме үшінші деңгей стационары болып табылады, бірақ облыстың орталық аудандық ауруханалар босану бөлімдерінің жабдықтануы төмен деңгейде болғандықтан, ОПО-на тәуекел тобына жатпайтын әйелдер жіберіледі, сондықтан, осы перинаталды орталықта облыстың барлық босануларының жартысына жақыны өтіп жатады. Ақтөбе аймағында туу қабілеті ең жоғары емес, бірақ, уақытына жетпей туу пайызы шамасынша жоғары. Алдыңғы жылдары денелері өте төмен салмақты балаларды жетелеуге арналған замануи аппараттың жетіспеуіне қарамастан, перзент өлімінің көрсеткіші, облыс бойынша, орта республикалықтан аздау болды. ОПО-ға біз берген СИПАП дем салу аппараттары, реанимациялық үстелдер, жылжымалы рентген аппараты, электроаспираторлар және басқа да медициналық жабдықтардың арқасында бұл медициналық мекеме қызметкерлері статистикалық көрінісін шамасынша жақсартады, деп үміттенеміз.
Облыста әлеуметтік саласына жауапты Ақтөбе облысы әкім орынбасары Сара Нұрқатова, қазіргі таңда біздің елдің қайырымдылығы өркендеуге ұшырауда сияқты фактісін атады. Алматы іскерлерінің және «Эйр Астана» ұлттық авиатасымалдау компаниясының әлеуметтік маңызы бар аймақтық проблемасын шешуге қатысуы қуантпай қоймайды. Алма Жансаринова, Ақтөбеде қызмет етіп жүрген «Бесік» балалық қорының директоры, «АЯЛА» қорының қызметкерлеріне жемісті ынтымақтастасқаны үшін, моралды қолдауы үшін, және, біздің қордың қызметкерлері кең бөлісетін қайырымдылықтағы жұмыс тәжірибелері үшін разылығын білдірді. Айта кету керек, «Бесік» қоры «Тыныс ал, балақай»(Ақтөбе) жобасын іске асыруға қатысып, осы мақсатқа 1 миллион теңге қайырымдылық етті.
Сәуле Серғазинова, «Эйр Астана» авиакомпаниясының әлеуметтік жобалар жөніндегі координаторы, осы компания күн сайын тасымалдайтын жеті мың авиа жолаушыларының атынан медициналық қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Кешірек ол былай деді: «Компания «Эйр Астана» «АЯЛА» қайырымдылық қорымен бірге қызмет істеп жүргендеріне біраз ауқыт болды, себебі, қордың әрекеттері қаржылық жағынан әбден ашық. Біз «АЯЛА» қорымен әрі қарай да бірге жұмыс істеуді жалғастырамыз, және біз жақын арада іске асыруды жоспарлап қойып отырған бірнеше нақты жобаларымыз бар».
Жіберілген жабдықтардың бағасы шамасынша 15 млн. теңгеге тұрады. ОПО директоры Асхат Балықов біздің қорға мол сыйлық үшін жылы алғысын айтты: «Мен қорда дәрігерлердің еңбек етіп жүргендерін білемін, және олар республикамыздың денсаулық сақтау мекемелерінің маңызды қажеттілерін түсінеді. Бүгін біз балалық реанимация бөлімі өте қажеттеніп отырған нағыз керек жабдықты алдық».
Бұл оқиға, әсіресе, біздің қордың медициналық жабдықтар жөніндегі кеңесші Берик Даржанов үшін маңызды болды. Берик нағыз осы Ақтөбеде туып, өсіп, жоғарғы медициналық білімін алды. Ол өз дәрігерлік ісін де осы жерде бастады. Балалық анестезиолог-реаниматолог балалық реанимациясының қиыншылықтарын басқалардан жақсы түсінеді, сондықтан біздің қор балалық бөлімінің реанимацияларын жабдықтау жөніндегі барлық жобаларды ең жоғарғы деңгейде іске асырады.
Жабдықтарды тапсыру рәсімнің аяғында біздің қордың вице-президенті Жангелді Сарсенов «Бесік» балалық қоры, «Эйр Астана» авиакомпаниясы, «Қағанат» асхана желісі, «Trade Commerce Oli» және «BeSmart» компанияларына алғыс сыйлықтарын ұсынды. Осы барлық ұйымдар «Тыныс ал, балақай» жобасының ақтөбелік кезеңін іске асыру үшін қаражат жинауға қатысты.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/about-kz/archive-news-kz/item/1275-news-kz#sigFreeId1080a92369