Бүгін Қазақстан астанасы Астанада қайырымдылық BKS жартылай марафонына старт берілді. Осы шара барысында жиналған барлық қаражат «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай» жобасын іске асыруға бағытталады. Бұл жоба біздің елдің перинаталды орталықтар реанимацияларының балалық бөлімдерін замануи медициналық жабдықтармен қамтамасыздандыруға көмектесуге бағытталған. Осы жоба шектеуінде өмірлік қажеті бар аппаратураны Алматы қаласы перинаталды орталықтарының барлық перзентханалары мен перинаталды орталықтары, және Өскемен, Семей, Қарағанды, Атырау, Тараз, Ақтөбе қалаларында орналасқан облыстық перзентханалар мен перинаталды орталықтар алды. Қызылорда қаласындағы облыстық перинаталды орталық үшін жабдықтар сатып алынып үлгерілді. Бұл жобаны «АЯЛА» қоры ҚР денсаулық сақтау Министрлігі мен облыстық басқармасымен тығыз әрекеттенуде іске асырып жатыр. Медициналық мекемелерге «АЯЛА» қайырымдылық қорымен жіберілген жабдықтар перзентхана және перинаталды орталықтар қызметкерлеріне жаңа туған мыңдаған балалардың өмірлерін сақтап қалуға көмектесті.
Жартылай марафонның ұйымдастырушысы болып Британ-Қазақстандық Қоғам (British-Kazakh Society, BKS) мен Астана қаласының әкімшілігі шықты. BKS-дың қайырымдылық жүгіруді ұйымдастырудан бай тәжірибесі бар, осындай жүгірулер Астанада 3 жыл бойы қатарымен өткен. BKS өткізетін жартылай марафондар дипломаттар, шетел және біріккен компаниялар, және қазақстандық іскерлер мен мемлекеттік құрылымдар арасына көп таралған. Жеңімпаздар бірнеше номинациясымен белгіленеді - еркектер арасынан да, әйелдер арасынан да финишқа келген ең біріншісі, мемлекет құрылымының ең шапшаң және төзімді қызметкері және корпоративтік жүгірушілердің арасынан шыққан жеңімпаз. Спорт қайырымдылық акциясының демеушілері болып «Эйр Астана» әуекомпаниясы, «KIOGE» компаниясы мен Сбербанк шықты.
Қайырымдылық BKS жүгіруді қазақстандық олимпиадалықтар қолдады. Шарада 2012 жылдағы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы мен бокс жарысының медалистері қатысады. Олар олимпиада жеңімпазы Серик Сапиев, қүміс жеңімпазы Әділбек Ниязымбетов пен қола медалдерінің иелері Иван Дычко мен Марина Вольнова. Қайырымдылық жүгіруде біздің олимпиадалықтардың қатысуы – қазақстандық спортсмендердің әлеуметтік жауапкершіліктіктерінің кезекті дәлелі. Боксшылар қуана автографтарын таратып, жартылай марафонның қатысушыларымен және жанкүйерлерімен суретке түсіп жатты. Бұл үлгі Қазақстан Республикасындағы қайырымдылық ұйымдарының осы мейірімді дәстүрінің дамуындағы ортақ істеріне қызмет етер, деп сенеміз.
Британ-Қазақстандық Қоғамның атқарушы директоры Гаухар Брамлей-Фентон осы жағдай туралы былай деді: «2009 жылы Лондонда пайда болған, енді Қазақстанда тірі бұтақ беріп жатқан біздің идеяның дамуын біз қызығушылықпен қадағалап отырамыз. Қайырымдылық және онда қатысу қалауы қазақстандықтардың жүректерінен беделді орын алады, деп сенеміз.»
Астана қаласының туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары Самат Қабдуллин: «Қала әкімшілігі, міне, BKS бастауын қолдап жүргеніне, міне, төрт жыл болды. Дене шынықтыру мен спорттың біздің елде дамуынан басқа, осындай шаралар британ-қазақстандық байланыстарды бекітеді. Ал биыл, меніңше, жартылай марафон ұйымдастырудың деңгейі негізінде жаңа деңгейге шықты. Бұны жазғы Олимпиада ойынының жеңімпаздары мен қатысушылардың көп саны дәлелдеп отыр», - деп белгіледі.
«АЯЛА» қоры осындай қайырымдылық шарада алғашқы рет бенефициар болды. Әсіресе, біздің олимпиадалықтардың жартылай марафонды қолдағандары қуантады. Қайырымдылыққа қатысу қай уақытта болса белсеңді азаматтық ұстаным, адам жаны мен моралдық жетілудің кеңдігін көрсету болып табылады. Және біздің спортсмендер өздерінің жартылай марафонда қатысуларымен өздерінің осындай қабілеттерін көрсетті. «Тыныс ал, балақай» жобасы көмектескен барлық балалар мен олардың отбасыларының аттарынан спорт мерекесінің ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғысымды айтқым келіп отыр», - дейді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сарсенов.
Астаналық жартылай марафон мен Алматы қаласында, 30 қыркүйекте өтетін жүгіріс барысында замануи медициналық аппаратураны сатып алу үшін қаражат жинап алу қажет. 19 621 800 теңге Петропавл облыстық перинаталды орталығы реанимациясының балалық бөліміне реанимациялық үстелдер, СИПАП дем салу аппараттарын, инелік мөлшергіштер, медициналық тараздар мен, шала туған балалар мен неше түрлі аурулары бар перзенттерге жоғары технологиялық көмек көрсетуге арналған басқа жабдықтарды сатып алу үшін керек.
Еркектер арасынан жеңімпаз Евгений Медведников болды, оның артынан финишке Мендібай Әлімғазинов пен Дулат Иманхаж келді. Барлық пьедестал Қазақстан өкілдерімен толып қалды. Әйелдер құрмет пьедесталы интернационалдық болды. Бірінші орынды қазақстандық Нұргүл Баймендинова алды, екіншісі канадтық Дена Семковски болды, үшінші орын АҚШ өкілі Дженнифер Боченскиге берілді. «Эйр Астана» компаниясы бірінші орындарға ие болған Евгений Медведников пен Нұргүл Баймендиноваға Алматы-Лондон-Алматы рейсіне билеттер ұсынды. Корпоративтік жүгірушілерінің арасынан жеңімпаз болып «Kamkor Management» компаниясының өкілі шықты, екінші орында Сбербанк жүгірушісі.
Жартылай марафонның ұйымдастырушылары үшін жағымды мәселе жүгіріске ҚР қаржы министрі Болат Жамишевтің қатысуы болды. Министр керемет дене формасында жүр, ол бар қашықтықты жүгіріп өтті. Басқарушысымен бірге тағы 46 қаржы Министрлігінің өкілі жүгірді. Бұл мекеменің жүгіріске қатысуы басқа министрліктер қызметкерлері үшін керемет үлгі болады.
Жүгіріс ұйымдастырушылары мен, жартылай марафон барысында жиналған барлық қаражат жіберілген «АЯЛА» қайырымдылық қоры барлық қатысушыларға, біздің атақты спортсмендерге, және, әсіресе, демеуші және серіктес болып шыққан адамдар мен компанияларға шынайы алғыстарын білдіреді. Ал ең үлкен алғыс, жүгіріске қатысып, дистанциядан финишке дейін жетпей шығып кеткен жүгірушілерге. Бұл жүгірушілер өз үдгілерімен «Бастысы жеңіс емес, қатысу!», деген олимпиадалық прнципті дәлелдеді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/about-kz/archive-news-kz/item/1291-news-kz#sigFreeIdfdfa248a55