Бүгін Қостанайдағы перинаталды орталықта жаңа шала туылған перзенттерді жетілдіруге арналған, жалпы сомасы 19 150 800 теңгені құраған медициналық жабдықтарды тапсыру рәсімі өтті. Жобаның осы кезеңінің демеушілері болып Premium Oil Trans компаниясы, «Эйр Астана» авиакомпаниясы және «Сауда саясатын дамыту орталық» АҚ ұжымы шықты.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымның (ДДҰ) тірі туылу критерийлер бойынша стандарттарына көшкен болатын. Осы кезден бастап тірі туылды деп салмақтары 500 граммнан астам перзенттер саналады, совет кезінен бері тірі туылды деп салмақтары 1200 граммнан астам балалар саналатын. ДДҰ стандарттарына көшкендік елдің даму индикаторы болып табылатын біздің еліміздегі аналық өлімдермен қатар балалық өлімдер көрсеткіштерін кенет көтеріп жіберді. Жаңа нормативтерге өту медициналық қызметкерлердің біліктілік деңгейі мен балалық бөлімдер реанимациясын жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен қамтылуына жаңа талаптар қойды.
2012 жылдың 6 ай расында Қостанай перинаталды орталығында 2020 босану, оның ішінде 10,3 % ауқытына жетпеген босанулар қабылданды. Реанимация бөлімі 10 кереуетке есептелген, жаңа туылғандар патологиясы және шала туылғандарды жетілдіру бөлімі 24 кереуетке есептелген. Жаңа туылғандар реанимация бөлімінде 8% жаңа туылған балалар ем алады, оның 58% - шала туылған балалар. Қостанай облыс бойынша перзенттік өлім 2012 жылдың 6 ай арасында 17,3‰ құрады.
Қостанай облысындағы денсаулық сақтау Басқармасының жетекшісі Орал Айтбаевич Бекмағабетовтың айтуы бойынша: «Біз «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай» жобасы біздің де облысымызға қашан жетер екен, деп көп күттік. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі мен басқарманың жерлік органдары босануда жәрдем беру саласы үшін өте көп жасайды. Бірақ қайырымдылық ұйымдардың медицина саласындағы бастаулары бізді қуантпай қоймайды. Бүгін біздің перинаталды орталыққа беріліп жатқан жабдықтардың бағасы қымбат және шынында да өмірлік қажеті мол. Менің ойымша, «АЯЛА» қорының бүгін бізге тапсырып жатқан медициналық аппаратура біздің әріптестерге ауқыттарынан ерте туылған балаларға медициналық көмектерін көрсетудің деңгейін көтерер дейміз».
«Біздің перинаталды орталығымыз, барлық жәрдемнің үшінші деңгейіндегі медициналық мекемелер сияқты, өзіне ауқыттарына жетпеген босануларды, және экстрагениталды патологиялары бар екі қабат әйелдерді, яғни, тәуелдік тобына жататын әйелдерді жинайды. Жабдықтардың жетіспеушілігі жұмысты сапалы жүргізуге бізге кедер жасап жүргенін, өте жиі сезінеміз. Ал біздің жұмыстың сапалылығы өте оңай анықталады – сақталған, немесе, өкінішке орай, жоғалтып алынған адам өмірлерімен. «АЯЛА» қайырымдылық қорынан біздің сыйлыққа алған жабдықтарымыз біздің жұмысымыз үшін маңызды тірек», - деді Қостанай қаласындағы перинаталды орталықтың директоры Татьяна Борисовна Булгацевич.
«Біз «АЯЛА» қайырымдылық қорының жұмысы туралы әлдеқашан көптен бері білеміз, бірақ «Тыныс ал, балақай» жобасын іске асыруға алғашқы рет қатыстық. «АЯЛА» қоры қаржылық жағынан толық ашық және анық екені туралы белгілеп кету керек. Біз, жобаға жіберілген қаражаттың барлығы нақ жобаға жұмсалғанын көріп отырмыз. Қайырымдылық әрекетке деген осындай тәсілдеме біздің қадірлігімізді тартады, және, егер біз осы бағыттағы қозғалысымызды жалғастыруды шешшек, біз, ең дұрысы, нақ «АЯЛА» қайырымдылық қорын серіктес ретінде таңдаймыз», – деді Premium Oil Trans компаниясының бас директоры Тимур Османов.
«АЯЛА» қайырымдылық қорымен ынтымақтаса осы жобаны жүзеге асыра отырып біздің қоғам өмірін жақсартқымыз келеді. Билеттерді сатып алған кездерінде «АЯЛА» қайырымдылық қорының қаражат жинау үшін орнатылған бокстарының қасынан жәй өтіп кетпегендері үшін барлық біздің жолаушыларымызға алғысымызды білдіреміз. Сіздердің аударған көңілдеріңіз бен қатысуларыңыз қазақстандық дәрігерлерге кішкентай пациенттерінің ондаған өмірлерін сақтап қалуға көмектесер, деп сенеміз», - деді «Эйр Астана» АҚ вице-президенті Белла Тормышева.
«Біздің қордың көлемді «Тыныс ал, балақай» жобасы 2009 жылы бас алды. Демеушілерсіз, серіктестерсіз, ақпараттық қолдаусыз, ең әр түрлі жерлерге орнатылған қаражат жинауға арналған бокстарсыз, sms-кампаниясыз және қайырымдылықтың басқа да түрлерісіз жобаны жүзеге асыру мүмкін болмас еді. Біз Қазақстанның бүкіл түкпіріне жеттік және, қазір, «АЯЛА» қорынан көмек алып үлгермеген облыстық перинаталды орталықтарды атап өту әлдеқалай жеңілдікке түсті. Олар Орал, Ақтау, Көкшетау және Түркістан. Биыл осы қалалар үшін де демеушілер табылар, деп үміттенеміз», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сарсенов.
Жабдықтарды салтанатты тапсыру рәсімінен кейін қабылдаушы жақ қордың қызметкерлері мен демеушілердің өкілдері үшін Қостанайдың ішіне жағымды және танымалы саяхат жүргізді. Ежелгі ғимараттар, жаңа құрылыстар және, әсіресе, Жеңіс паркі қала туралы жарық және мейірімді әсер із қалдырды. Ал, бірақ, біздің қызметкерлерімізге ең жылы әсер перинаталды орталықтың дәрігерлері, мед бикештері, акушеркалары, кіші медициналық қызметкерлері болды. Осы адамдарға қатысты мінездейтін сөздер – ол «қамқорлық» және «берілгендік». Пациенттерге қамқорлық жасаулары және медицинаға берілгендіктері.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/about-kz/archive-news-kz/item/1720-news-kz#sigFreeIdc38fab11ae