2013 жылдың 24 тамызында сағат 11:00-де «Rixos Borovoe» отелінен бас алып біздің олимпиядалық чемпионымыз Александр Винокуровтың қатысуымен қайырымдылық велосипед жарысы старт алады.
Бұл велосипед жарысы «Rixos Borovoe» отелімен Ақмола облысының әкімшілігімен бірлесе және біздің қормен ұйымдастырылды. Шараның алдына 2 мақсат қойылды: «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай» жобасы Көкшетау үшін қаражат жинау. Бұл жоба балалық реанимация бөлімдері мен перинаталды орталықтарды өмірлік қажеті зор медициналық жабдықтармен қамтуға көмек көрсетуге бағытталған. Велосипед жарысының екінші мақсаты – Щучинско-Боровсктік курорт аймағын көпке жариялау.
Велосипед жарысына жеке велосипедте жарысушы да, коммерциялық ұйым командасы да қатыса алады. Шараға қатысу үшін жеке жарна төлемі 7000 теңгеден кем емес, корпоративтік – 200 000 теңге.
Қайырымдылық мерекенің қатысушылары мен қонақтарына арналып еліктіретін спорттық-анимациялық бағдарлама және таза ауадағы пикник дайындалып қойылды.
Қайырымдылық велосипед жарысы біздің қордың бас миссиясын – Қазақстан Республикасындағы қайырымдылықтың мәдениеті мен дәстүрін қалыптастыруын атқарудың кезекті қадамы болатынына сенеміз.