Бүгін Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық перинаталды орталығына шала жаңа туылған балаларды жетілдіруге арналған медициналық жабдықтар тапсырылды. 11,5 млн. теңгеге жақын тұратын жабдықтар 2013 жылдың 24 тамызында өткен Қайырымдылық «Rixos Borovoe-2013» велосипед жарысының барысында жиналған қаражатқа алынған. Акция ұйымдастырушылары - Rixos Borovoe отелі мен «АЯЛА» қайырымдылық қоры. Велосипед жарысын олимпиадалық чемпион Александр Винокуров басқарды, оның қатысушылары үлкен қазақстандық және шетел компанияларының 150 топ-менеджерлері мен мемлекеттік мекемелер өкілдері болды. Жабдықтарды сатып алуға керек соманы велосипед жарысына қатысушылардың жеке жарналары, «Beeline Қазақстан» компаниясының корпоративтік жарналары , «Верный Капитал» тобының, Forte Bank, Kassa Nova банкінің жарналары, және қайырымдылық аукцион өткізу, ол үшін Rixos Borovoe отелі мен Александр Винокуров ұсынған лоттар – оның жеке велосипеді, спорттық формалар жиынтығы және т.б. арқылы жинадық. Қайырымдылық велосипед жарысының ұйымдастырушылары қайырымдылықтары арқылы жабдықтардың толық жиынтығын сатып алу үшін қажет барлық соманы жинап алуға мүмкін болған «Sadu», «Технодом», «White and case», «Райымбек», «Green Apple», «Атырауский НПЗ», «Astana Motors», «Кит-оценка» ЖШС компанияларының жетекшілеріне, және Булат Өтемұратовқа шын алғыстарын айтып жатыр.
Бүгін «Rixos Borovoe» отелі мен «АЯЛА» қоры Ақмола облыстық перинаталды орталықтың балалық реанимация бөліміне СИПАП дем салу аппаратын, инелік және инфузионды мөлшергіштерді, мобилді рентген аппаратын, және неинвазивті билирубин талдағышын тапсыруда. Жабдықтардың жалпы бағасы 11 370 000 теңге тұрады.
Көкшетау қаласындағы облыстық перинаталды орталық пен оның реанимациялық бөлімінің замануи жабдықтарға қажеттенгеніне көп болған екен. Жыл сайын осында 4000 босанулар қабылданады. Барлық өлген перзенттердің арасынан 80% жақынын шала жаңа туылғандар құрайды. Жаңа туылғандардың өлімі 1,5% құрайды, онымен өлім себептерінің маңызды бөлігін дем алу жүйесінің бұзылу синдромы құрайды. Жаңа медициналық жабдықтар шала туылған және әлсіз балаларды жетілдіруге көмектеседі, сонымен, шала жаңа туылған балалардың тірі қалуын көтереді.
Бұл акция, бес жыл бойы созылып келе жатқан және өзінің аяғына жақындаған «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай» жобасының бөлігі болды. Жоба Министрлік пен облыстық денсаулық сақтау Басқармаларымен біріге іске асырылып жатыр. Жаңа туылған балаларды жетілдіру үшін өмірлік қажеті мол медициналық аппараттар медициналық қызметкерлерге перзенттер өлімінің көрсеткішін республика бойынша 17%-ға төмендетуге көмектесті. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен белгіленген болатын.
Ақмола облыстық перинаталды орталығының бас дәрігері Жанат Сатаевич МУСИН былай деді: «Мен «Тыныс ал, балақай» жобасы туралы бұрыннан білемін. Менің әріптестерім, перинаталды орталықтардың бас дәрігерлері, балалық бөлімдер меңгерушілері, олар «АЯЛА» қорынан алған жабдықтар перзенттер өлімінің көрсеткіштерін шынайы төмендетіп жатқан мәселені, ауқыттарынан ерте туылған балаларға жоғары технологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отырған мәселені белгілейді. «АЯЛА» қорының көмегі Көкшетауға да жеткені қуанышты. Іс жүзінде, бұл Rixos Borovoe отелі ұйымдастырған қайырымдылық велосипед жарысы шектеуінде қаражат жинауға қатысқан ондаған адамдардың көмегі болғаны маңызды».
«Біздің қайырымдылық велосипед жарыстарын отелдің визит карточкаларының бірі еткіміз келіп отыр. Осындай шаралар туристердің қосымша ағынын тартады және Қазақстандағы экологиялық таза ішкі туризмді көпке таратуға ықпал етеді де, және шетел туристерінің құйылуын ұлғалдырады. Одан басқа, биыл біз көмек көрсетіп жүрген «Тыныс ал, балақай» жобасының біздің аймақ үшін үлкен маңыздылығы бар», - деп белгіледі Rixos Borovoe отелінің операциялық менеджері Эргин САРП.
«Мені, «АЯЛА» қорының биылғы жылы, іс жүзінде, «Тыныс ал, балақай» жобасын аяқтағаны өте қуантады. Біз бұл жобаны, енді, алыс 2009 жылы бастадық, сөйтіп, Алматы қаласында іске асырдық. Ал, 2011 жылы жоба республикалық дәрежесіне жетті. Егер бұл жобаны іске асырудың басында біздің жұмыс істеп жүрген қалаларымыздың санын бір қолымыздағы саусақтармен есептеуге болса, қазір жағдай басқаша. Орал, Ақтау және Түркістан қалаларында орналасқан ақырғы үш перинаталды орталықтар үшін жабдықтар сатып алынып қойылды. Барлық өзіміздің серіктестерімізге, жекеше, қажетті қаражат бір күн ішінде жиналатындай етіп шараны ұйымдастыра білген Rixos Borovoe отеліне алғысымды айтқым келіп отыр», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді САРСЕНОВ.
Әсіресе, сыйлыққа өздерінің кішкентай ғана пациенттеріне көмек көрсетуде жоғары технологиялардың маңыздығын жақсы білетін неонатолог-дәрігерлер қуанды. Ақмола облысының, Көкшетау қаласындағы ОПО-да істегеніне 25 жыл болған штаттан тыс бас неонатологы Наталья Михайловна ЦЫПЛАКОВА өзінің жылы алғыс сөзінде, оның барлық 25 жыл жұмыс арасында осындай шараның болуы алғашқы рет екенін айтып белгіледі. «Біздің қызметкерлер жабдықтың бізге де жететініне ақырға минутқа дейін сенген жоқ, бірақ, «АЯЛА» қоры өзінің міндетін 100% атқарды».
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/about-kz/archive-news-kz/item/1849-news-kz#sigFreeId55d8c3e11d