Пусан Ұлттық Университеті госпиталінің (ПҰУГ) дәрігерлері Алматы және Ақтөбе қалаларында тегін кеңес берді. ПҰУГ профессоры ортопед Ли Чжон-Соп тұңғыш рет «Ақсай» балалар ауруханасы негізінде қазақстандық балаларға ота жасады.
Қазақстан неонатологтарына арнап шақырылған Ресей мамандарының қатысуымен тренингілер өткізілді. №15 мектеп-интернатының жағдайы төмен отбасынан шыққан тәрбиеленушілеріне арналған шаштараз курстары жұмыс істей бастады. Алматы қ. перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының негізінде катамнез кабинеті ашылды.