Қор Президенті
Бұрынғы дәрігер-терапевт, ал бүгінде табысты бизнес-леди. Пирогов атындағы Екінші Мәскеу медициналық институтын аяқтады. Бірнеше жыл бойы мамандығы бойынша жұмыс істеді, 10 жыл бұрын «АЯЛА» қайырымдылық қорын ұйымдастырып, оған басшылық етті. Аяулы жар және қамқор ана. Айданның қағидаттарының бірі әйгілі актриса Одри Хепберннің «Әрбір адамның міндеті қиналған балаларға көмектесу болып табылады. Қалғанының бәрі тек машақат пен еркелік қана» деген сөздері болды.