«Эксонмобил» Компаниясы Атырау Облысының денсаулық сақтауына көмек көрсетті

Жақын арада «ЭксонМобил Казахстан Инк.» компаниясы «АЯЛА» қайырымдылық қорының екі үлкен жобасының бас демеушісі болды. 

 

Жақын арада «ЭксонМобил Казахстан Инк.» компаниясы «АЯЛА» қайырымдылық қорының екі үлкен жобасының бас демеушісі болды. Бұл Атырау облысы перзентханасы реанимациясының балалық бөліміне және Маңғыстау облыстық инфекционды ауруханасына жәрдем беру жөніндегі жобалар. Осы жоба шектеуінде мемлекеттік медициналық мекемелер реанимациалық үстелдер, рентгендік және дем салу аппараттарын, инелік мөлшергіштер және, жаңа туған балалар мен Ақтау қаласында орналасқан облыстық инфекционды ауруханаларының пациенттері болып табылатын балаларға жоғары білікті медициналық жәрдем беруге арналған басқа да жабдықтар алды. Бүгін біздің жорналдың тілшісі Динара Мұратова ««ЭксонМобил Казахстан Инк.» компаниясы Басқару директорының (үкімет және көпшілікпен байланысу жөніндегі) орынбасары Алия Каюповамен сұхбаттасуда.    

Адамның көбі, қайыршыларға садақа бере, мен қайырымдылыққа қатыстым, деп санайды. Бірақ осы жағдайда, ол ақшаның неге кететінін қадағалау өте қиын. Көбі дейтіндей, шынында, тамаққа ма, немесе, ішімдік пен есірткішке ме. Ал, қайырымдылық қорларға келсек, бүгінгі күні іс мүлде өзгеше болып тұр. Барлық замануи қорлар өз әрекеттерінің толық ашықтық принциптерінде жұмыс істеуде, яғни, Сіздің қайырымдылық қорына аударған барлық қаражаттарыңыздың бұл жобалардың әкімшілік етуіне емес, немесе басқа керектікке емес, жобаларды нақ іске асыруға жіберілетініне, толық сенесіңіз. Демеушілердің қаражаттары нақ қайда жіберілгені жөнінде есеп бере алмайтын қорлар туралы не айта аласыңыз?      

Эксон Мобил – жетекші дүниежүзілік мұнайгаз компаниясы. Біздің маңызды мақсатымыздың бірі – біз тұрып және еңбек етіп жүрген қоғамды дамытуға қолдау жасау. Біз қатысатын бизнес-жобаларды зейін салып абайлап таңдаймыз. Біз оданда әрі демеушілік қолдау көрсетуге бейімделген әлеметтік жобаларды әбден таңдаймыз. Біріншіден, олардың қоғамға ұзақ мерзімді және оңды әсері болу керек, және әлеуметті-экономикалық ілгерілеуге көмектесу керек. Екіншіден, біз үшін, жобаның іске асырылуына көмек ететін қордың жақсы атағы болғаны өте маңызды. Қордың айқын тәжірибесі, нақты жоспары және жобаны іске асыру жөніндегі бюджет пен ашық түрдегі есеп, басқа грант беретіндерден оңды ұсыныстар болу керек, және басқа да көп критерийлерге сай болу керек. Демеушілік қаражаттарды меңгергені туралы есеп бермейтін қолармен біз жұмыс істемейміз, себебі, қатал есептік – тек қаржылар бойынша емес, жоба дамуының жалпы барысы бойынша да – біз үшін өте маңызды.   

Қажеттеніп отырғандарға көмек көрсету үшін Сіз не себептен «АЯЛА» қайырымдылық қорын таңдап алдыңыз? 

Денсаулық сақтау – қоғам дамуының негізгі мәселерінің бірі екеніне біз сенеміз. «АЯЛА» қоры бізге айтып келген «Тыныс ал, балақай» жобасы берілген басымдыққа үндес болып шықты. Бұл жоба аналық және нәрестелік өлімін азайтуға бағытталған, және ол да Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше рет өз жылдық жолдамаларында қайталаған мемлекеттік басымдылықтардың бірі болып отыр.

«Тыныс ал, балақай» жобаның шектеуінде біз Атыраудағы перинаталды орталық реанимациясының бөлімін өмірлік қажеті бар жабдықтармен, реанимациялық үстелдер, СИПАП дем салу аппараттарын, инелік және инфузонды мөлшергіштерді қоса, қамтамасыз етіп отырмыз. Осы барлық жабдықтар өте шала туған балаларды жетелеуге арналған. Сонымен бірге, төрт Атырау және Семей қалаларының неонатолог мамандары Харьков Медициналық Диплом алудан кейінгі Білім алу Академиясында машықтанудан өтеді, онда олар шала жаңа туған балаларды, және ден саулықтарында әр-түрлі проблемалары бар жаңа туған балаларды жетелеудегі ең замануи әдістері бойынша білім алады.

Сіз үшін қайырымдылықпен айналысуға не себеп болды? 

Үлкен дүниежүзілік компанияларының даму тарихы, бизнестегі табыс әлеуметтік жауапкершіліктікпен үзбес байланысты екенін дәлелдейді. Қазақстанның ең құнды қоры мұнай мен газ емес, оның халқы. Сондықтан біздің басты инвестиция жұмсауымыз – адамдық капиталға. Мұнайгаз контрактарының өмірі өткінші, сондықтан, өзіміздің артымызда, біз кетіп қалғаннан кейін де көп уақыт бойы қоғамға жеміс беретін әлеуметтік мұра қалдыруымыз керектігіне, сенеміз. Нақ сол себептен «ЭксонМобил» компаниясы өзі болған барлық елдерде әлеуметтік бағдарламаларды белсеңді қолдайды. Біз қай жақта жұмыс істесек те, бұл біздің міндеттемеміздің бөлегі болып табылады.

Сіздер неге мемлекеттік мекемелеріне көмектесуді таңдадыңыздар?

 «Тыныс ал, балақай» жобасы, сонымен қоса, басқа да бір қатар бастамалар бізбен Атырау облысының денсаулық сақтау Басқармасымен бірге тығыз серіктесуде іске асырылып жатыр. Ал басқа бастаулар бойынша біз Астана қаласының білім Басқармасымен, балалар құқығын қорғау жөніндегі Атырау Облысты депортаментімен, Атырау облысының білім Басқармасымен, қалалық білім бөлімімен және ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен бірге жұмыс істейміз. Біз әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда бірге әрекеттенгендері үшін барлық біздің серіктестерге разымыз. Олардың қолдауысыз және қатысуысыз біздің бастауымыздың тиімділігі мүмкін емес болар еді.

Егер Сіздер қайырымдылықпен айналыссаңыздар, Сіздер салық салу жағынан қандай да бір жеңілдіктер аласыздар ма?

Жоқ. Бірақ біз, бизнестің табысы әлеуметтік жауапкершіліктікпен тығыз байланысты екеніне, сөзсіз сенеміз. Мұнай мен газды өндіру білікті қызметкерсіз мүмкін емес, емес пе, және аурухана, мектептер, жолдар және тағы басқа сияқты ілеспе әлеуметтік инфрақұрылымдарсыз. Сондықтан, салық салу шартына байланысынан тыс, біз тұрып және жұмыс істеп жүрген қоғамның дамуына оңды үлес қосу сияқты жағдайлар - біздің міндетіміз, өзгеріссіз қалады.

Сіздің ойыңызша, қандай қайырымдылықтың тәсілі ең тиімді?

Белгілі қытай даналыға былай дейді: «ашқа балық берсең – оны бір күнге тоқ қыласың. Оған қармақ беріп, балық аулап үйретсең – оны барлық қалған өміріне тоқ қыласың». Біздің компания купондар тарату немесе жарлы адамдарға тегін тамақ беру өткізетін сияқты – бұл сол «балық», емес пе, бір жолдық акция өткізуінің жақтаушылары емес. Біз тиімділікке сенеміз және адамдық капиталға көпұзақты инвестиция жұмсауды жүзеге асырамыз – медициналық қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеру, замануи жабдықтарды сатып алу, шағын және орта бизнестердің дамуын қолдау, нақты ғылымдар саласындағы республикалық және халықаралық олимпиядаларды өткізу, оқушыларды бүгінгі таңда өте қажет ағылшын тіліне үйрету. Біз, осы салымдардың қазақстандық халқы үшін әлі көп жылдар «қызмет» ететініне сенеміз.

Сіздің жеке басыңызға қайырымдылыққа қатысу не береді?

Мен мақтанышпен біздің компанияның қазақстандық қоғамының саулығына қатыстылығы барын сеземін де, және біздің республиканың дамуына өз шағын үлесімізді қосқанымыздан ләззат аламын. 

Қайырымдылық саласындағы Сіздің жоспарыңыз?

Біздің біз тұрып және жұмыс істеп жүрген қоғамның дамуына оңды үлес қосу міндеттемеміз, өзгеріссіз қалады. Біз қайда жұмыс істеп жүрсек те, біздің салынуымыз тек мұнай мен газды өндіруге емес, адамдық капиталының дамуына да – себебі бұл біздің бизнесіміздің көпұзақты табысының кепілі. Алда біз білім және денсаулық сақтау саласындағы жобаларына өз назарымызды жинастыруды жоспарлап отырмыз – бұл саланың дамуы барлық заманда қоғам дамуының жалпы көрсеткіші болып табылады, емес пе. 

Әлия, Сізге маңызды және заттық сұхбат үшін алғысымды айтамын. Сіздің өз басыңызға және Сіздің компанияның барлық қызметкерлеріне табыс пен денсаулық тілеймін. Біздің жорналдың оқырмандары «ЭксонМобил» компаниясынан қазақстандық медицина мен білім мекемелеріне көрсеткен көмек туралы хабарлар үнемі алып тұрар, деп үміттенемін.