Біздің қор, әрдайым, көмек көрсетудің жинақтық принципін ұстауға бейімделген. Мысалы, № 7 ой -өрістерінің бұзылулықтары бар балаларға арналған арнайы (түзелтетін) мектеп – интернаттың алдына балалар ойнайтын алаң жасадық. Бірақ онымыз арнайы қорғандыру төсенішсіз болды. Әрине, бұндай алаң жаралануға өте қауіпті. Сондықтан, ойын кешенінің алдына жаралану қауіптігін он есе төмендететін арнайы материалдан жасалған төсенішпен асфальтті жабайық, деген шешімге келдік. Ал оны орындау мүмкіндігі тек біздің тұрақты демеушіміз Viled компаниясының көмегі арқылы шешілді. Мектеп – интернаттың негізгі қызметі: балалар онда ертелі – кеш, яғни көп уақыттарын өткізеді, ал кейбіреулері аптасына 7 күннің 5 күні сонда тұрады. Балалардың интернатта болуы ыңғайлы, жайлы болу үшін біздің қорымыз ас бөлмесіне әдемі үстел дастархандарын, нан салғыштар, үстелдерге қоятын жасанды гүлдер, және тамақ тарататын суреттелген табақ сатып алып берді. Балаларға жайлы болсын деп, ас бөлменің кіре берісіне киімдері мен сөмкелерін ілетін ілгіштер жасап орнатып бердік.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1030-news-kz#sigFreeId5c1e8b5d13