«АЯЛА», «ДАРА» қайырымдылық қорлары және Қайырымдылық қорларының қауымдастығы (ҚҚҚ) Алматы қаласында орналасқан балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге арналған мейрамды осымен 4 жыл қатарынан өткізуде.Бұл жылы, мерекеге700-ден астам бала қонақ болды. "Алматы Қиял әлемі" саябағы, аталмыш мерекені өткізуіміз үшін, саябақ аумағын және аттракциондарын үлкен ізгілікпен, осымен үшінші рет ұсынып отыр.Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, саябақ қызметкерлері және саябақ басшысы Александр Алексеевич Яковлев мырзаға өз алғысымызды білдіреміз. Биылғы мерекеге, Алматы балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндермен қатар, Қаскелең, Талғар және Үштөбе қалаларының балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты.
Мерекелік бағдарламамыздың әдеттегі жүргізушісі Александр Шумский де өз үлесін қосты. «КҮЛКІ КҮНІ 2011» мерекесін, тамақтану «Barbaris», «Ciao Pizza», «Esperanza», «Line Brew», «Palladium», «SADU», «Гоголь», «Грильяж», «Мамамия» мейрамханалары, ал су және сусын өнімдері «Resmi group», «Tassay» ал, жеміс, кәмпит және печенье өнімдері Көк Базар әкімшілігі тарапынан қамтамасыз етілді.Мереке қонақтарына арналған концертте:«Super star KZ»жобасының жеңімпазы Олег КИМ, Бибігүл Қилымхан, Милена Аргингазиева, Жақсыбек Қалелбек, «Сириус»рэп-тобы, «Тұран»фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Skillz»тобы сияқты, Қазақстандық жас музыканттар өз өнерлерімен қуантты.
Қаламызда соңғы күндері жауын жауып, күн бұлттанып тұрғанына қарамастан, 27 мамыр «Күлкі күні» ауа-райы бізді шуақты күнімен қуантты. Қорымыздың қамқорлығындағы балалар үйінің тәрбиешілерінің сөздеріне құлақ ассақ, балалар бұл мерекені тағатсыздана күткен екен. Балалар сабақтардан демалып, шаршағандарын басу мақсатымен, біз дәстүрлі «Күлкі күні» мерекесін, оқу жылы бітісімен ұйымдастырамыз. Биылғы «КҮЛКІ КҮНІ 2011» мерекесімен, тағы да қаламыздың әкімі Ахметжан Есімов мырза, Бостандық ауданынының әкімі Зәуреш Жұманалықызы Аманжолова ханым және Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті қорының атқарушы директоры Бектас Ғафурұлы Мұхамеджанов мырза құттықтап келді.
Қорымыз осы орайда, мерекеміздің сәтті өтуіне ықпал еткен жанашырларымыз, «Из рук в руки» газеті, «Gloria Inc.» туристік агенттігі «АЯЛА» қайырымдылық қорының достары клубы,«MiL. MaR.Sound»компаниясы,«Төрттұғыр» продюсерлік орталығы және де Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына ізгі ілтипатымен шынайы алғысын білдіреді.
Осы сынды мерекелерге өз үлесін қосу, табысты азаматтар үшін игі дәстүрге айналатынына сенімдіміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1112-news-kz#sigFreeIda895cf4745