Бүгін «Maxima» сауда – ойын – сауық орталығында аз қамтылған балалар мен толық емес және жағдайлары төмен жанұялардың балаларына арналған № 10 мектеп – интернатының түлектерімен Дүниежүзілік балалар күн мерекесі өтті. «АЯЛА» қайырымдылық қоры бұл күні мерекеге осы интернаттың екінші сынып оқушыларын шақырды. Балалар рахаттанып барлық аттракциондар, ойын автоматтары, каруселдер, батуттар және «бамперлі арбаларының» мүмкіндіктерін байқап көрді. Барлық осы ойын – сауықтың төлемін BeSmart компаниясы жасады. Ойын – сауықтан кейін балалар KindBurger осы қайырымдылық шара үшін бізге 50% көлемінде жеңілдік жасаған жедел тағам мерейханасында көңілді отырып түстенді. Сыйлықтық ретінде (біздің қабылдаған ОСТС формула бойынша) балалар қуыршақ және мәшинкелер сияқты ойыншықтарға ие болды. Сыйлықтар біздің қордың достар Клубының мүшелері: Ксения Филомонова, Анна Денисенко және Айжан Уксумбаева жинаған қаражатқа алынған болатын. Бұл сыйлықтың жалпы бағасы – 54 440 теңге. Біз «Дүниежүзілік балалар күнін» мерекелеуді Қазақстан Републикасында насихаттауға шақыруымызды қолдағандардың бәріне алғысымызды айтамыз. Балаларды барлық аттракциондарға апарып, барлық шара бойынша ұйымдастырушыларға көмектерін көрсеткен Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының (ҚЕжӘҚА) еркіншілеріне бөлек алғысымызды айтамыз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1171-news-kz#sigFreeId983abd42c3