Алматыда Жаңа жылға қызу дайындық өтуде! Өткен жұма күні қаланың тұрғындары мен қонақтары өздеріне және жақындарына эксклюзивтік сыйлық алу үшін қайырымдылық жәрмеңкесіне келді. Іс-шараны «Шеврон» компаниясы және «АЯЛА» қайырымдылық қоры ұйымдастырды.
Бір жерде Алматы қ. бес арнайы мектеп-интернатының, № 1 облыстық балалар үйінің, ЮНЕСКО клубтары федерациясының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның қолөнер шеберлері және С. Бегалин атындағы балалар кітапханасының жанындағы «Жастар Арманы» зертханасының қатысушылары жиналды. Олардың бәрі бірге үш жүзден астам қолдан жасалған ойыншықтар мен зергерлік бұйымдарды ұсынды. Олардың ішінде жүз елуден астам бұйым мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілеріне тиесілі: № 1 құлағы нашар еститін балаларға арналған, № 4 Н. Островский атындағы зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған; № 9 сөйлеу қабілеті бұзылған, № 6 және № 7 ақыл-ойы кем балаларға арналған. Таңдау үлкен болды және бір сағаттан кейін-ақ бұйымдардың басым бөлігі сатылды. Сатып алушылардың арасында бизнесмендер, журналистер және «hand made» жұмысын бағалайтын адамдар болды. Жәрмеңкеге қойылған жұмыстардың арасында – әйнек шарлардан жасалған құмыралар, майда моншақтан жасалған алқа, аққала түріндегі бірегей ойыншықтар, тасбақа және сусиыр түріндегі жастықтар және басқа да көптеген ойыншықтар. Эксклюзивтік тауардың орташа құны екі – бес мың теңге шегінде болды.
Ақыл-ойы кем балаларға арналған № 6 арнайы (оңалту) мектеп-интернатының еңбек мұғалімі Галина Жерновыхтың айтуынша, мекеменің тәрбиеленушілері қайырымдылық базарына көктемде дайындала бастады. Мысалы, Наргиз Хусейнова нағыз еңбекқорлық танытып, бес жұмыс дайындады. Қолдан жасалған ойыншықтардың авторлары, кейбір балалар жәрмеңке барысында шеберлік сабағын көрсетті. № 4 мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері Нисонова Мария және Нысанова Жаңыл бірегей нан салғыш жасауда өз шеберліктерін көрсетті.
«Шеврон» компаниясының «Менің болашақ мамандығым» жобасы бойынша кәсіби бағдардан өтіп жатқан № 1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері асқан сүйіспеншілікпен және жоба барысында меңгерген дағдыларды пайдалана отырып, жаңа жылдық пірәнік пісірді. Сонымен қатар сатуға «Айналайын» қоғамдық бірлестігінен және Қазақстан қолөнершілері одағынан қазақтың ұлттық стилінде ойыншықтар мен бұйымдар, сондай-ақ «Шеврон» компаниясы ЮНЕСКО Қазақстан клубтары федерациясымен бірлесіп іске асыратын балалар экологиялық суреті сайысының қатысушыларынан суреттер қойылды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1396-news-kz#sigFreeId04a2a36643