Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиадалық резервтегі республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілерін Астаналық бокс федерациясының, «АЯЛА» қайырымдылық қорының және интернаттың өзінің логотиптері бар жаңа костюмдерге киіндірді.
250 костюм, сондай-ақ 10 баскетбол және 10 волейбол добы балаларға Тәуелсіздік Күні қарсаңында тапсырылды. Спорттық киімнің және мүкәммалдың құны – 1 888 300 теңге. Мұндай сыйлықтың демеушісі «Астаналық бокс федерациясы» ҚБ «АЯЛА» қайырымдылық қорының қолдауымен болды.
Биыл тамызда Астанада «Керуен» СОО-да Қазақстан бокс федерациясы кубогының ¼ финалы өткенін еске түсірейік. Бұл тек спорттық сайыс қана емес, сол сияқты қайырымдылық акция да болды, оның мақсаты спорттық интернаттың тәрбиеленушілерін киіндіру, сондай-ақ интернатты қажетті мүкәммалмен жабдықтау болды.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиадалық резервтегі республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-да 250 тәрбиеленуші оқиды. Олар БЖСШ-та және олимпиадалық резервтегі мамандандырылған спорт мектептерінде алдын ала дайындық пен іріктеуден өткен спортқа бейімі бар балалар. Шын мәнінде, бұл балалар – Қазақстан спортының болашағы. Федерацияның сыйлығын тәрбиеленушілер үлкен алғыспен қабылдады.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1398-news-kz#sigFreeIdc5b8464324