Бүгін Жаңажылдық мереке және оның басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар құлағы нашар еститін балаларға арналған № 1 арнайы (оңалту) мектеп-интернатына келді. 72 бала, бірінші – төртінші сынып оқушылары «Шеврон» компаниясының өкілдерінен сыйлықтар алды. Жаңажылдық қуыршақтарды, шананы, жұмсақ ойыншықтарды, сурет салуға арналған жиынтықтарды компания қызметкерлері «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Аяз Атаға хат» жобасының шеңберінде сатып алды. Бұл күні түрлі сайыстар ұйымдастырылып, ән айтылып, көрсетілімдер болды. Балалар бұл іс-шараға үлкен қуанышпен қатысты. Ал мерекелік концерттің аяғында сыйлықтар тапсырылды.
Әрбір бала өзінің хатында Жаңа жылға алғысы келетін сыйлығы туралы жазды. Хаттар «Шеврон» компаниясының кеңсесінде бір ай бұрын орнатылған мерекелік шыршаға ілінді. Компания қызметкерлері кез келген өздеріне ұнаған конвертті таңдап, сыйлық алды. «Шеврон» компаниясының қызметкерлері сыйлықтарды таңдауға шабытпен қарағанын атап өткен жөн – олар балалардың жай коньки емес, қызғылт коньки, жай қуыршақ емес, сөйлейтін қуыршақ, жай ғана машинка емес, басқару пульті бар қызыл машинканы сұрап жазған барлық тілектерін ескеріп, алған сыйлықтарын әдемі безендірді.
Қордың осындай акцияны жыл сайын өткізетінін атап өткен жөн. Оған қатысқысы келетін адамдардың саны да жылдан жылға өсуде.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1401-news-kz#sigFreeId955188928e