Халықаралық балаларды қорғау күнінің қарсаңында біздің қор «Шеврон» компаниясымен бірге кезекті қайырымдылық жобаның аяқталуына орай салтанатты жиын өткізді.Осы күні білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы 11 мекеме «Шеврон» компаниясынан түрлі жабдықтарға сертификаттар алды. Бұл жабдық балалардың осы мекемеде болу кезіндегі жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Балаларға арналған білім беру мекемелері «Шеврон» компаниясының атынан тұрмыстық техника, жиһаз, ас үй жабдықтарының үлкен көлемін алды. Сонымен бірге, сөйлеу қабілеттері төмен балаларға арналған арнайы (коррекциялық) №9 мектеп-интернатында қажетті ұйымдастыру техникаларымен қамтылған компьютерлік сынып жабдықталды.
Психикалық дамуы жағынан ауытқулары бар балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған арнайы (коррекциялық) №8 мектеп-интернатында пластикалық терезелер орнатылды. Заманауи әйнектер тұрғын үйлердің ішінде қыста жылуды, жазда салқынды сақтауға көмектеседі.
Қалалық Үміт Үйі, осы мекемеде тәрбиеленушілер үй шаруашылығын жүргізуде өздеріне қажетті дағдыларын алсын деген ниетте қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталған болатын. Бұл балаларды өз бетінше өмір сүруге үйретудің кезекті сатысы.
Қайырымдылық бағдарламасы бойынша «Шеврон» компаниясының барлық іс-шараларына қатысатын балалар мюзик-шоуы «Тансари» театры, демеушілерден бөлінген қаржыға өз көрсетілімдері үшін музыкалық аппаратура алды.
Жалпы жобаның көлемінде №1, №8 және №9 арнайы (коррекциялық) мектеп-интернаттарына, №1 және №2 балалар үйіне, №3 мектеп-интернатына, Қалалық Үміт Үйіне және «Балалар мюзик-шоуы «Тансари» театрына» көмек көрсетілді.
Осы жоба аясында «Шеврон» компаниясы балаларға арналған медициналық мекемелерге көмек көрсетті.
Қалалық балалар сауықтыру орталығына (ҚБСО) арнап бейнебақылау алынып, орнатылып берілді. Сонымен қатар орталыққа емдеу кезінде медициналық қызметкерлерге қажетті киім ілгіштер, таразы және бой өлшейтін құрылғылар сыйланды. ҚБСО айналасына балаларға арналған спорттық-ойын алаңы салынды.
Бір жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан «Мен сенімен біргемін» балалар хосписі (науқастың демі таусылар күн жақын екенін біле тұра оның тәні және жан қиналысын жеңілдетуге тырысатын әлеуметтік қызмет) «Шеврон» компаниясынан сыйлық ретінде берілген салқындатқыштар, кварц сәулелегіштеріне, тумбалар мен маскит торларына ие боды. №1 және №2 балалар үйі «Шеврон» компаниясынан медициналық жабдықтар, жиһаз және кір жууға арналған техникалар алды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1447-news-kz#sigFreeId0e6c13ea10