Биыл біздің мерекелеріміздің көбі Алматыдағы Мәдениет жылына ұштастырылған. Сөйлеулерінде бұзылулары бар балаларға арналған №9 мектеп-интернатының 5-6 сынып түлектері үшін Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу «Қазақфильм» киностудиясында өтті. Алдымен, территориясында саяхат жүргізілді, жұлдыздар аллеясында қыдырды, балалар түсіру ауласында да болып көрді. Содан кейін, тұсаукесері желтоқсанның ортасында белгіленген «Книга легенд. Таинственный лес» фильмінің жабық көрінісі болды. Біздің қамқорымыздағыларымыз фильмді әлі оның прокатқа шықпай тұрған кезінде көріп алды. Көріністен кейін балаларды киностудия асханасында тәтті десерті бар мерекелі түстік күтіп тұрды.
Бұл мерекенің демеушісі болып SAP Қазақстан компаниясы шықты, онымен қоса, компания қызметкерлері шараны ұйымдастыруда жай тек ақша аударумен шектелмей, оны жүргізуге өздері де белсеңді қатысты. Біз компанияға алғысымызды білдіргіміз келіп отыр, және, біздің өзіміз үшін де осындай жаңа формамен Дүниежүзілік балалар күнін ұйымдастыруға үлкен көмек көрсеткен ерікшілерге жеке алғыс айтқымыз келіп отыр.
Әсіресе, «Қазақфильм» киностудия президенті Ермек Аманшаев пен киностудияның барлық қызметкерлеріне көмек көрсеткендері үшін алғысымызды айтамыз. Киностудияның территориясы мен барлық ғимараттары мерекені өткізуге төлем ақысыз берілген. Сөйтіп, Қазақфильм қызметкерлері қайырымдылық тақырыбына өздерінің бей-жай еместіктерін көрсетті.
Дүниежүзілік балалар күнінің аяғында шараға қатысқан әр қонақ кішкене сыйлық алды – балалар үшін фильмдері бар DVD мен жемістер. Мерекеге қатысушылардың көбі әзер сөйлей алса да, олар «АЯЛА» қайырымдылық қорын оларға назар аударғаны үшін және осындай ерекше мереке үшін жылы алғыстарын айтты.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1456-news-kz#sigFreeIda5db6cb7c2