Бүгін мерекенің қатысушылары психикалық дамуларында іркілістері бар балаларға арналған №8 мектеп-интернатының 7-8 сынып оқушылары болды. Мерекенің бағдарламасы бойынша, «Хранители снов» мультфильмі жүріп жатқан кинотеатрға бару болған. Біздің қамқорымыздағылар үшін төлем ақысыз көруді KinoPark мүмкін етті, балалар фильмнен мәз-майрам болды. Содан кейін Globus ССО фуд. кортында түстік өтті. Гамбургер-менюді LFC әзір тағамы мен Mr. Burger & Pizza мейрамханалары шын көңілмен ұсынды. Дәстүр бойынша, мерекенің аяғында оған қатысқандар «АЯЛА» қайырымдылық қорынан кішкене сыйлықтарға ие болды - балалар үшін фильмдері бар DVD.
Бұл Дүниежүзілік балалар күнін балалар ұзақ естеріне сақтар, деп сенеміз, себебі, «күнделікті» өмірлерінде интернат түлектерінің осындай өз бос уақыттарын толтыра өткізуге мүмкіндіктері сиректелген. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер осындай жағымды шара ұйымдастырғандары үшін біздің қызметкерлерге жылы алғыстарын айтып жатты.
Осы жолы мерекені өткізуге ерікшілер - Қырғызстаннан алмасу бойынша келген студенттер Диана Данияр, Динара Еркінбаева, Айжарқын Арзиева мен студентка 1 курса КазТАжәнеӘҚ 1 курс студенті Еңлік Нұрым көмектерін аямады. Статистика мәліметтері бойынша, кедейшілікке қарамастан Қырғызстандағы қайырымдылық қазақстандықтың алдын алып тұр. Осындай жағдай жақын арада біздің елде де жақсарар, деп сенеміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1457-news-kz#sigFreeId3a1c172361