Жаңажылдық қайырымдылықтың дәстүрін кезекті рет «Транском» компаниясы қолдады. Бұл компания дамуларында интеллектуалды бұзылулары бар балаларға арналған Алматы қаласындағы арнайы (түзету) №7 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үшін дамыту ойындары мен ойыншықтар сатып алу үшін 250 000 теңге бөліп берді. Интернатқа балалық шығармашылық үшін жиынтықтар жіберілді. Қолмен жұмыс істеу, әсіресе, ұсақ моторика, №7 интернатында тұрып білім алып жатқан балалар үшін өте маңызды. Біздің қор бірнеше рет осы интернатқа көмегін көрсеткен. Біз бұл мектептегі слесарлық шеберхананы, картонажды және тігін кабинеттерін, әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу кабинетін жабдықтадық, ал, жақында логопед кабинетіне балалардың сөйлеу бұзылуларын түзететін арнайы компьютерлік тренажер «Дэльфаны», моториканы, логиканы дамытатын және балаларды есепке үйрететін материалдар жібердік.
Балалық шығармашылық жиынтықтарымен бірге балалар сыйлыққа кәмпит жиынтықтарын алды. Бұл сыйлықтар да өте пайдалы, себебі, интернаттың тәрбиеленушілерінің көбі аз қамтылған, берекесіз және толық емес жанұялардан болады.
Біздің қор қайырымдылықтың жаңажылдық дәстүрі негізгі қайырымдылыққа дағдыландырылып адамдар мейірімді істерді тек Халықаралық балалар қорғау күнінде және Жаңа жылда ғана емес жасауға болатын түсінікке келер, деген сенімділік білдіреді. Мейірімділікті кез келген күні жасауға болады.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1521-news-kz#sigFreeId9365f3ebb9