Әрбір ересек адамның бойында кішкентай баланың бір бөлігі қалуға тиіс. Осындай ой «Кішкентай ханзада» мультфильмінің негізіне салынды, ол ең сиқырлы мереке – Жаңа жыл қарсаңында көпшілік алдында көрсетілді. Бүгін бас кейіпкерлердің өмірлік мән-жайларын Алматы облыстық тұрмысы төмен балаларға арналған № 15 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері тамашалады. Бесінші сыныптың оқушыларына арналған тегін кинокөрсетілімді «АЯЛА» қоры және Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісі ұйымдастырды. Балалар мультфильмді Сейфуллин және Мақатаев көшелерінің қиылысында орналасқан MEGA Park сауда-ойын-сауық орталығының кең кинозалында қарады.
Мультфильм Антуан де Сент-Экзюперидің ең қиялшыл және әсерлі ертегілерінің бірінің желісі бойынша түсірілді. Басты кейіпкері – өмірі жоспар бойынша жазылып қойған кішкентай қыз. Алайда ол егде ұшқышпен танысқаннан кейін бәрі де өзгереді. Ол қызға планетада өмір сүріп, күннің батуын қызықтап, нағыз дос іздеген Кішкентай ханзаданың тарихын айтып береді. Осылайша түрлі қызық оқиғаларға толы үлкен саяхат басталады!
36 ұл мен қызға арналған бір жарым сағат бір мезетте өтіп кетті. Мультфильмнен кейін олар The Caspian International Restaurants Company компаниясы, атап айтқанда KFC жылдам тамақтану мейрамханасы дайындаған ланчтан ауыз тиді. Мерекенің бюджеті небәрі 20 000 теңге болды. Бұл ақшаға балаларды MEGA Park орталығына және қайтадан интернатқа апарған автобусқа тапсырыс берілді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1581-news-kz#sigFreeId763efd1b6c