Бүгін интеллектуалды дамуларында бұзылулары бар балаларға арналған арнайы (түзету) №6 мектеп-интернатының территориясында «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Мамамия» және «Ciao pizza» мейрамханалар желісінің басқармасын тұлға еткен өзінің достар Клубымен қосыла салып берген спорт ауласының ашылу рәсімі өтті.
Бүгін ашылатын замануи спорт кешені паралимпиадалық қозғалысқа белсеңді қатысып жүрген интернаттың тәрбиеленушілерін спорттық дайындауға жақсы құрал бола алады. Әшекейленген кешенге гимнастикалық брустар мен шығыршықтар, турниктер, рукоходтар, баскетбол шығыршығы және балаларға үйлесімді денелік дамуға мүмкіндік беретін көп басқа кіреді. Белгілі зат, денелік даму интеллектуалды дамуға да өте ықпал етеді. Бұл, әсіресе, интернаттың тәрбиеленушілері үшін өте маңызды, себебі, ол интеллектуалды дамуларында бұзылулары бар балаларға арналған.
Бұл «АЯЛА» қайырымдылық қорының №6 мектеп-интернатымен ынтымақтасуының бірінші тәжірибесі емес. Интернатты қамқорына алған 3 жыл арасында қормен көп жасалды – балалық мерекелер ұйымдастырылды, мектепке оргтехника, мультимедиялық кешен «Эдуплей», мектеп шараларын өткізуге арналған музыкалық жабдықтар, жұмсақ жиһаздар жіберілді. Бастауыш мектебінің оқушылары үшін әшекейленген ойын аула салынып берілді. Интернаттың паралимпиядалық секциясы үшін біз үстелік тенниспен шұғылдануға арналған барлық керек бұйымдары бар кәсіби теннис үстелін жібердік.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры педагогикалық ұжыммен тығыз жұмыс істеуде, және, қордың көрсеткен барлық көмектері интернат тәрбиеленушілерінің білімі мен тұрмыстарының сапасын жақсартуға бағытталады.
Спорт кешенін жабдықтау «АЯЛА» қайырымдық қорының достар Клубының, және, нақ «Мамамия» және «Ciao pizza» мейрамханалар желісінің басқармасы мен қызметкерлерінің көмектері арқасында мүмкін болып отыр. Кешеннің бағасы 1 037 640 теңге тұрады.
Ауланың ашылуына қарсы балалар педагогтары мен тәрбиеленушілерінің жетегімен шамалы мерекелік концерт дайындап қойыпты. Интеллектуалды дамуларында бұзылулары бар балаларға арналған арнайы (түзету) мектепте бастауыш жалпы білім мектебінің бағдарламасын 9 жыл бойы «өтетінін» есепке алсақ, олар үшін концертке қатысу – олардың шектелген мүмкіндіктеріне үлкен салмақ.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1668-news-kz#sigFreeIde2213a8772