Естеріңізге сала кетейік, біздің қор «Мейірімді істер жасайық» жобасы шектеуінде өзінің қамқорындағыларға көп таралмаған әр түрлі мерекелерді өткізіп жатады. Бүгін орталық мемлекеттік мұражайда 18 мамырда аталатын Халықаралық мұражай күніне арналған «Ночь в музее» акциясы өтті. Біз бұл қызық және ерекше шараға №17 мектеп-интернатының 50 тәрбиеленушісін шақырдық. Бұл интернатта аз қамтылған, толық емес және бейберекет отбасыларынан келген балалар тұрып білім алып жатыр. Интернат тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге іс жүзінде ешқандай мұражайларға бармайды, ал, бүгін орталық мемлекеттік мұражай оларға осындай мүмкіндік берді. Сағат 17:00-ден кейін мұражайдың барлық есіктер ашылды. Келіп кетушілер пайдалы қазақ ұлттық ішімдік бірі – жаңа жасалған шұбаттың дәмін тати алды. Балалар мұражайдың ішінде рахаттана қыдырып, тәрбиешілеріне де, мұражай қызметкерлеріне де көп сұрақтар қойып жатты. Одан басқа, олар өз күштерін жапон каллиграфиясы өнерінен, құмыра ісінен және балшықтан фигура жабыстырудан байқап көрді.
Кеш бағдарламасы өте қанық болды, біз Қазақстанды мекендейтін халықтар билерін тамашаладық, ұлттық бас киімдер көрсетуі болды, және тағы көп басқа. Балалар мен тәрбиешілер өте разы болып қалды, ал, бұл мерекенің ең басты маңызды қортындысы, балалардың өз еліне деген мақтаныштарына қосымша ішінара алулары.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1669-news-kz#sigFreeId95a8d08e8d