Бүгін «АЯЛА» қайырымдылық қоры аз қамтылған жанұя балаларына арналған №17 интернатқа көп санды спорттық бұйымдар жіберді. Интернаттың спорттық секциясы футбол киім нысанын, доптарды, күрес үйірмесіне арналған манекен, арнайы күрес киім нысанын, үстелдік тенис үшін үстел және осы спорт түрімен айналысуға арналған барлық керек-жарақтарын алды. Одан басқа, интернат волейбол мен баскетбол доптарын, секундамерлер, волейболдық торын, көп санда шахматтар, галтелдер және спортпен шұғылдануға қажет басқа керек-жарақтар алды.
Дене шынықтыру мен спорт сабақтары тек денсаулыққа ғана пайдалы емес, бас миының дұрыс қалыптасуына да көмектеседі. Ал, орталық жүйке жүйесінде неше түрлі бұзылулар болған кезде, нақ дене шынықтыру баланың миындағы жаңа жасушааралық байланыстардың пайда болуына ықпал етеді. «Дені саудың – рухы сау» деген халықта бар мақал бекер емес, нағыз солай «АЯЛА» қайырымдылық қор Қазақстан интернаттарына дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арналған бұйымдарды тапсыру жөніндегі жобаны атады.
№17 интернатта қазіргі таңда 405 бала тұрып оқып жүр. Спортпен шұғылдану тәрбиеленушілер үшін тек бос уақыттарын өткізу тәсілі ғана емес, спорттық мансапты жалғастыру үшін қуатты ынталандырма. Интернаттың футбол командасы бірнеше рет аудандық, қалалық және республикалық турнирларының жеңімпаз-жүлдегерлері болған.
Бұл жоба үшін қаражат жинауға «Жайлау» гольф-клубы Еуразиялық банктің қолдауымен ұйымдастырылған гольф-турнир үстінде көмек көрсетті. Жобаның жалпы бағасы 483 000 теңгені құрады.
«Біз үнемі балалық және жасөспірімдер спортының дамуына бағытталған бастауларды куана қолдаймыз. Балалар қорғау күнінде Еуразиялық Банк кішкентай велосипед тебушілері үшін жарыс ұйымдастырып берді. Салауатты өмір салтын көтермелеу және жылжыту біз үшін дәстүр болды. Мен, жаңа спорт бұйымдары интернаттың тәрбиеленушілеріне жаңа спорт шыңдарына жетуге көмектесер, деп шынайы сенемін. Кім біледі, мүмкін, осы балалардың біреуі болашақта олимпиадалық чемпион аталар, сөйтіп, халықаралық чемпионаттарда біздің елімізге көптеген жеңістер әкелер», - деді Сейтжан ЕРМЕКБАЕВ, «Еуразиялық банк» АҚ Басқармасының Төраға орынбасары.
№17 интернат директоры Серік Баркенович ҚАЛИЕВ өз кезегімен былай деп белгіледі: «АЯЛА» қайырымдылық қоры біздің интернатқа бінеше рет көмек көрсетті. Бізде замануи және әшекейленген балалық аула салынған, қор балалар үшін неше түрлі спорттық және мәдени шараларын ұйымдастырып тұрады. Ал, бүгін біз, біздің спорттық секциямыз үшін және жай дене шынықтыру сабақтары үшін, көптеген жабдықтар мен бұйымдар алдық. Балалардың дендері сау болып өскендері біз үшін өте маңызды, және бүгінгі шараның, «АЯЛА» қорының арқасында мүмкін болып отырған, біз үшін өте маңызды мәні бар».
«Гольф, ат полосы, үлкен теннис және, дәстүрлі барлық әлемдегі қамтамасызданған адамдардың әуестенетін басқа спорт түрлері неше түрлі қайырымдылық акцияларын жиі өткізіп тұрады, және, өте ұнамды жағдай, бұл дәстүрдің Қазақстанға да келіп жеткені. Жағдайды пайдалана отыра, менің, біздің жобаға қаражат жинап берген «Жайлау» гольф-турнирінің барлық мүшелеріне алғысымды айтқым келіп отыр. Олардың барлығына осы әдемі және қиын спорт түрінде өркендік, және болашақта табыстар тілеймін», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді САРСЕНОВ.
Интернат тәрбиеленушілері спорттық бұйымдарын тапсыру рәсіміне қатысушылар үшін шамалы музыкалық бағдарлама дайындапты. Одан басқа, күрес секциясы жас өспірімдерінің көрсетпе көрсетулері болып өтті. Және мини-футбол бойынша блиц-матч өткізілді. Балалар, мектеп сол күні алған жаңа киімдерінде жаңа доптармен ойнады.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1774-news-kz#sigFreeId0b28400d29