Бүгін Бегалин атындағы балалық кітапханасында біз Алматы қаласындағы сөйлеулерінде қатты бұзылулары бар балаларға арналған арнайы (түзету) №9 мектеп-интернатының үшінші сынып тәрбиеленушілері үшін тартымды мереке – Қазақстандық кітапханалар күнін өткіздік. 16 жыл бұрын біздің елдегі кітапханалар қызметкерлерінің бірінші съезі болған. Жап-жаңа ашылған кітапхананың жаңа ғимаратында қызметкерлері біздің қамқорымыздағылар үшін нағыз мереке жасады. Қыз балалар мен ұл балалар өздері үшін сиқырлы бір әлем ашты. Кітап оқу – шұғылданудың ең бір тартымдысы екен. Балалар өздері үшін баспа кітап әлемін ғана ашып қоймай, оның замануи нұсқасын да – оның интерактивтік түрімен танысты.
Өз істеріне берік кітапхана қызметкерлері үшінші сынып оқушылары үшін көптеген ойындар, конкурстар мен викториналарды ұйыдастырды. Осының барлығы кітапхананың көптеген залдарында өтті. Бірақ, ең қызықтысы Алматы қаласының ежелден келе жатқан балалық кітапханасындағы жаңа ғимаратының тұсаукесері болды. Жаңа ғимараттың іші толық қайта салынған, енді, оның ішіндегілердің барлығы Кітаптар әлемімен танысуға арналған. Жаңа технологиялар әдеттегі кітаптармен табысты шиеленген. Біздің қамқорымыздағылар үшін Бегалин атындағы балалық кітапхана ғимаратының ішіндегі саяхат нағыз жаңалық болды.
Балаларды жетелеген педагогтар, кітапханадағы жалықтыратын екісағаттық сабақ туралы ойлағандарын мойындап еді, бірақ, балалар соншалықты ойынға, кітап оқуға, конкурстарға және викториналарға қызығып кеткені, ерекше сабақтың уақыты қалай өтіп кеткенін өздері де байқамай қалды.
Пайдасы аз, бірақ, балалардың жақсы көретін тағамдары біздің мерекенің қорытындысы болды. Гамбургер-менюді LFC и Mr. Burger & Pizza жедел тағамдар мейрамханалар желісі ұсынды. Мерекенің барлығын өткізуге және балалар мен кітапханаға сыйлық жасауға демеуші Gloria Inc туристік агентствосы болды. Мереке бюджеті 45 000 теңгені құрады. Біздің ойымызша, із жүзінде, кез келген мейірімді адамның интернат тәрбиеленушілеріне осындай шамалы мереке жасап беруге өзінің мүмкіндігі бар. Вильдана Битанова – «АЯЛА» қайырымдылық қорының достар Клубы мүшесі балалық мерекелер дайындауға көмектесіп жүргеніне бірнеше рет болды. Біз оған және оның барлық жақындарына табыс пен өркендеушілік тілейміз.
Бегалин атындағы кітапхана қызметкерлерінің қонақжалылықтарын, ықыластықтарын және креативтіктерін ерекше айтып кеткіміз келіп отыр. Біздің бірлесіп өткізген шаралар кітапхана үшін де, ең бастысы, балалар үшін мейірімді дәстүрге айналар, деп сенеміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1813-news-kz#sigFreeIdb2b40f69b8