Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеудің кезекті кезеңі бүгін «Табаған» атты спорт кешенінде өтті. Спорттық мерекенің қатысушылары аз қамтылған жанұялардан келген балаларға арналған Алматы қаласындағы №17 мектеп-интернатының 30 тәрбиеленушілері болды. Біздің қор Дүниежүзілік балалар күнін қызықтап түрліше өткізуге тырысады, және, ең бастысы, біз интернаттар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне біздің қаладағы қызықтыратын орындарды көрсеткісі келеді. Біздің қамқорымыздағылардың көбі балалар үйлерінде немесе аз қамтылған, толық емес, берекесіз жанұяларда тәрбиеленеді, және, іс жүзінде, өз-өздерінің мұражайларға, кітапханаларға баруға, Медеу мен Шымбұлақта жолдастарымен серуендеуге мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан, біз бүгін қыз балалар мен ұл балаларды спорт-сауық «Табаған Тау» кешеніне алып келдік.
Бұл тамаша әдемі жерге келсімен балалар суретке түсе бастады – бір-бірін, табиғатты, аттракциондарды. Содан кейін біз оларды екі топқа бөлдік, біреуі шана тебуге кетті, ал екіншісі құзға шығудың алғашқы дағдыларын алды. Инструктордың айтуынша, кейбір балалардың өте жаман емес мүмкіншіліктері бар, егер спорттың осы түрімен айналысса. Әбден теуіп, өрмелеп болғаннан кейін балалар бассейінге кетті. Суға секіру, сүңгу, жылы жакузиге дейінгі жүгірістер – осының барлығы балаларды соншалықты қызықтырды, оларды бассейіннен «құлақтарынан тартқандай» әзер шығардық.
«Табаған» кешенінің мейрамханасында осы ауқытқа балалар үшін дастархан жайылды. Балалар рақаттана дәмді тағамдарын жеп алды. Енді ше, осындай денеге түскен ауырлықтан кейін және таза ауадан кейін зауық ойынсыз ашылады, емес пе. Мерекенің аяғына қарай балалардың шаршағаны соншалықты болды, біздің олар үшін дайындаған сыйлықтарымызды да сынап қарауға да мұршалары келмей қалды.
Бұл мерекенің бюджеті 66 800 теңгені құрады. Бұл тек көлік пен сыйлықтарға ғана жаратқан ақша, себебі, «Табаған» спорт кешені өз қызметтерін төлем ақысыз жасады. Біздің қамқорымыздағылардың атынан біз, аз қамтылған жанұялар балаларына арналған спорттық мерекені ұйымдастыруға көмектескен кешеннің басқармасы мен қызметкерлеріне үлкен алғысымызды айтамыз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1820-news-kz#sigFreeId78b6ad5205