Қараша бойы біздің қор Дүниежүзілік балалар күнін атады. Бұл дәстүрді біз 4 жыл бұрын бастағанбыз, ал, егер, алыстағы 2010 жылы біз 1 мерекелік шара ғана өткізсек, биыл осындай мерекелердің саны 10 -8-ін Алматыда 2-н Астанада. Естеріңізге сала кетейік, біз үшін Дүниежүзілік балалар күні қайырымдылық жәрдем көрсету себебінің тағы біреуі болып табылды. Халықаралық мерекелер күнтізбесі балалар үйлерінің және интернаттардың түлектері үшін көңілді және танымалы шараларды ұйымдастыруға бізге толған себеп береді. Біз «Мейірімді істер жасайық» деп атаған «АЯЛА» қайырымдылық қорының жобасы жылдың әр мезгілінде балалық мерекелерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Биыл біз Жүниежүзілік мультфильмдер күнін, Халықаралық театр күнін, мейірімділікті спонтанды көрсету күнін және тағы басқа мерекелерді атап өттік.
Бүгін Алматы қаласындағы аз қамтылған жанұя балаларына арналған №10 мектеп-интернатының бастауыш сыныптар тәрбиеленушілері Caesar кинотеатрында жаңа жылдық «Спасти Санту» мультипликациялық лентасын көрді, содан кейін, балалар үшін «Шоколадница» кофейнясында мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Дастарханның нағыз сәні балалардың арасына көп таралған «Тачки» мульфильм сарыны бойынша жасалған торт болды. Сыйлық ретінде балаларға берілген дамытуға арналған үстелдік ойындар, басқатырулар Дүниежүзілік балалар күні 2013 жылдың логикалық соңы болды. Біз үшін бұл балалық сыйлықтар мен көлікке жіберілген мерекенің бюджеті 45 000 теңгені құрады. Кинотеатрге билеттерді және мерекелік түстікті Caesar кинотеатрындағы және «Шоколадница» кофейнясындағы біздің жолдастар төлем ақысыз ұсынды. Ал, біз біздің барлық қамқорымыздағылардың атынан Дүниежүзілік балалар күні 2013 мерекелеуге көмектескен барлық біздің серіктестерімізге шынайы жылы ризашылығымызды білдіреміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1872-news-kz#sigFreeId75e1867962