Бүгін осы мерекеде алғашқы рет Алматы қаласының аз қамтылған жанұялар балаларына арналған № 15 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты. 3 сынып оқушылары дүниежүзілік кино көрсеткіш жетекшілерінің біріне – өте жиі кездесетін тотылар жанұясының оқиғалары туралы толық метражды «Рио-2» мультфильмінің көрермендері болды. Дүниежүзілік мультфильмдер күнін мерекелеу «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Мейірімді істер жасайық» «Давайте делать добрые дела (4D)» гуманитарлық жобасының кезекті кезеңі болды. Бұл жобадағы біздің тұрақты серіктесіміз тек біздің қамқорымыздағылар үшін залдарының біреуін төлем ақысыз ұсынған «Арман» кинотеатры шықты. Одан басқа, әкімшілік балаларды кинотеатрлар үшін дәстүрлі тағам – поп-корн мен шырындармен тамақтандырды. Мереке шарасы барлығы 15 000 теңгені құрады, ал, бұл қаражат «Арман» кинотеатрына балаларды алып келген және интернатқа қайта жеткізген автобус жолына төленді.
«4D» жобасына сауық-сауда орталықтарының, кинотеатрлардың, аквапарктердің, тау шаңғылық курортарының қатысулары жақсы бір дәстүр болып қалыптасып келе жатыр. Меценаттар үшін шамалы балалық мерекелер аурпалық түсірмейтін және біздің қордың қымбат тұратын медициналық жобалары бойынша шығынды өз мойындарына алғаннан көрі, қайырымдылық істерге жиі қатысуға мүмкіндік беретін шара. Біздің қордың тек Алматыда ғана емес, Астанада да мерекелер өтізу тәжірибесі бар. Біздің ойымызша, бұл бастаманы басқа қалаларда орналасқан қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар да қолдай алады.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2013-news-kz#sigFreeIdb3dd0c7eeb