Бүгін «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Табаған» спорттық-ойын-сауық кешенінде аз қамтылған жанұялар балаларына арналған облыстық №15 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үшін Дүниежүзілік денсаулық күн мерекесін өткізді.
Дүниежүзілік денсаулық күні, жылда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) 1948 жылы құрылған күні - 7 сәуірде аталады. Сол тарихи сәттен бері өткен уақыт арасында ДДҰ мүшелері болып жер жүзіндегі 194 мемлекет шықты, соның арасында Қазақстан. Жылда денсаулық күнін өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге енді. Күн мерекесі олардың өмірлерінде денсаулықтың қаншалықты керектігін адамдардың түсіне алулары үшін өткізіледі. .
«АЯЛА» қоры бұл «Мейірімді істер жасайық» («Давайте делать добрые дела (4D)») жобасының балалық шаралар тізбегінің кезекті бөлігі болған мерекені алғашқы рет өткізді. «АЯЛА» қоры бұл жоба шектеуінде түзету мектеп-интернаттар, балалық үйлер, балабақшалар қамқорындағылары үшін және басқа әлеуметтік мекемелер тәрбиеленушілері үшін неше түрлі дүниежүзілік және халықаралық даталарды атап өтіп жүр.
Міне, қайырымдылық шаралар үшін себеп сирек болатын Халықаралық театр күні, Дүниежүзілік мультфильмдер күні, Мұражайдағы түн, Кітапханалар күні, Дүниежүзілік балалар күні және тағы басқа даталар сияқты мерекелерді өткізу дәстүрге айналып бара жатыр. Осындай мерекелердің бюджеттері аса үлкен емес, осындай мерекелердің демеушілері болып жиі біздің қордың Достары Клуб мүшелері шығады. Дүниежүзілік денсаулық күнін бізге спорттық-ойын-сауық кешені «Табағанның» әкімшілігі, төлем ақысыз өзінің территориясы мен ойын-сауықтарын – скалодром, бассейн, футбол алаңын ұсына, және Active O2 сауда таңбасы бар Horeca Import компаниясы өткізуге көмектесті. Көлік шығындары мен DJ-ға шығындардан басқа, бұл компания оттек және дәрумендермен байытылған Active O2 ауыз суының көптеген санын ұсынды. Шараның жалпы бюджеті 160 000 теңгені құрады.
Спорттық жаттығуларды және жарыстарды тәжірибелі ұйыдастырушылар Асхат пен Лиза балалардың назарын толық өздеріне тартты. Міндетті түрде Денсаулық Кубогін ойнатумен футбол жаттығулары өткізілді. Альпинизмнің алғашқы білімдерін балалар скалодромда алды, содан кейін, шапшаң альпинизм бойынша жарыс өтті, және Джомолунгм Кубогы ойнатылды. Бассейнде балалар дем алуды ұзақ уақыт ұстау біліміне үйренді, және Ихтиандр Кубогіне жарысты. Балалардың көбі үшін, мүмкін, бұл Денсаулық күні спортпен шұғылдануға қуат берер.
Шатты эстафеталардан, альпинистер мен жүзушілер жарыстарынан кейін, шаршаған балалар мен олардың педагогтар дәмді және тойымды кешкі аспен тамақтандырылды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2014-news-kz#sigFreeId5f3db5103b