Кішкентай алматылықтар «АЯЛА» қайырымдылық қорымен бірге Халықаралық би күнін атап өтті. Esentai mall аумағында Twins Brothers-тағы Асхат Халимовтың және Jokeasses командасының қатысуымен тамаша шоу өтті. Әуелі балалар бейнероликтер түсірді, сайыстарға қатысып, көптеген көңілді фотосуретке түсті. Одан кейін барлығы бірге Kinopark 11 (Esentai) IMAX 3D үлкен кинозалына барды. Алматы қ. тұрмысы төмен балаларға арналған № 15 облыстық мектеп-интернатының 56 тәрбиеленушісі «Джунгли кітабы» атты фильмді көрді. Кинопарк әкімшілігі балаларға тегін попкорн беруді ұйғарды.
Халықаралық би күнін 1982 жылдан бастап ЮНЕСКО шешімімен тарихқа «заманауи балет әкесі» ретінде енген француз балетмейстері Жан-Жорж Новердің туған күнінде атап өтудің басталғанын еске сала кетейік.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2158-news-kz#sigFreeId50727246d5